Құрметті ата-аналар, күзгі демалыс уақытында балаларға қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертіңіз!

Құрметті ата-аналар, күзгі демалыс уақытында балаларға қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертіңіз!

Күзгі демалыс  басталып, балалардың далада жүретін бос уақыты көбейді. Сондықтан да балаларыңызға қала көшелерінде қауіпсіздік пен жол жүру ережелерін сақтау туралы ескертулеріңізді сұраймыз.

Сонымен қатар, балаларыңызға түнгі уақытта үйден тыс жерде болуға тыйым салыңыз. Егер балаңыз үйге кеш оралса, оны күтіп алуға тырысыңыз, балаларға далаға шыққан кезде үлкен ақша бермеңіз, егер олар үйде жалғыз болса, таныс емес адамдарға есікті ашуға тыйым салыңыз. Егер сіз баланыздың тұрған жерін білмесеңіз және ол телефон қоңырауларына жауап бермесе, уақыт жоғалтпай тез арада полицияға хабарласыңыз.

Есіңізде болсын, кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта үйден тыс жерде үлкендердің еріп жүруінсіз болуы қауіпті. Сіздің балаларыныз жазатайым оқиғаларға ұшырауы  мүмкін. Ата-аналардың бақылаусыздығы жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасауының негізгі себебі болуы немесе балалардың өздеріне қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасалуы мүмкін.

Ата-аналардың назарына! Күзгі демалыс уақыты кезінде полиция қызметкерлері қала аумағында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерлерде болуын анықтауға бағытталған рейдтік алдын алу іс-шараларын өткізеді. Барлық анықталған тәртіп бұзушылық фактілері бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылады.

Жыл басынан бері елордалық полиция қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің  442-бабына сәйкес,  кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғандығы үшін 2700 факт анықтаса, осы Кодекстің 127 бабына сәйкес кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамағандығы  үшін 200-ден астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив