Елордалық кәріс этномәдени орталығы «Чусок» мерекесін атап өтті

Елордалық кәріс этномәдени орталығы «Чусок» мерекесін атап өтті

 Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен елордалық кәріс этномәдени бірлестігінің өкілдері ұйымдастырған шараға Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігінің өкілдері және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Мерекелік кешті Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэ Сик құттықтау сөзбен бастады. «Чусок» ― шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылдан кейінгі маңызы жоғары екінші мейрам. Айтулы күнді ортақ мерекесі санайтын кәрістер осы күні өздерінің бақилық болған ата-аналарын еске алады. Бейіт маңын тазартып, еске алу дастарханын жасап, қабір басына егін орағының ең үздік сыйларын қояды. Қызмет бабына байланысты 30 жылдан бері туған жерімнен жырақта жүруіме байланысты, қазақ елінде бұл мерекені тойлау, маған Отанымды жақындататындай. Дәстүрдің үзілмей, жалғасын табуына септігін тигізген барша ұйымдастырушыларға алғысымды жеткізгім келеді», ― деді Ким Дэ Сик.

«Қазақстан Республикасында барша ұлт өкілдері ынтымақпен өмір сүріп жатырғанын білесіздер. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында өзге этнос өкілдері өз мәдениеті мен дәстүрін, тілін сақтап, байыта түсуге мүмкіндік алды. Күз мезгілі бізге әрдайым «Чхусок» мерекесімен байланысты екені мәлім. Осындай ұлттық мейрамдар бұдан кейін де жалғасын табады. Мұның бәрі ― Елбасы саясаты мен ел бірлігінің арқасы», ― деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Екі сағатқа созылған мерекелік іс-шара барысында дәстүр бойынша қонақтарға мерекеге арнайы дайындалған, күріштен жасалған «чимпень» кәріс жұқа нанынан дәм таттырды.

Концерттік бағдарламаны барабаншы-самульнорилар ашты. Этномәдени орталықтың хореографиялық және вокалдық ансамблдерінің орындауларында ұлттық билер мен әндер орындалды.

Кеш соңында елордалық кәріс этномәдени орталығының басшылары Александр Ким мен Роза Пак барша қатысушыларға әдемі кеш үшін алғысын жеткізді.

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив