Конституцияның ішкі әлеуетін жетілдіру мәселесіне

Конституцияның ішкі әлеуетін жетілдіру мәселесіне

Қазақстан Республикасы Конституциясына ширек ғасырлық уақыт болып қалды. Осы уақытта төрт конституциялық реформа жүргізіліп, объективтік және субъективтік себептерге, саясат пен бейсаясатқа, уақыт пен өмір талаптарына сай деп есептелген өзгерістер енгізілді.

Конституцияның жалпы құқықтық акті ретінде жетілдіріліп отырылуы объективті құбылыс. Бірақ, әлемдік конституционализмде тұрақтылық деген құқықтық қасиет те бар. Сондықтан конституциялық нормалардың әлеуетін мүмкіндігінше толықтай пайдалану кез келген құқық жүйесін құрушы және дамытушы мемлекет пен қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады.

24 жылдық қолданыс тарихына қарамастан, қоғам мен мемлекет Конституцияның және оның жекеленген нормаларының әлеуетін әлі аша алмай келеді. Оның себептері тек қана сыртқы қатынастар мен байланыстарда ғана емес, оның ішкі құрылымында да жатыр. Конституциямен реттелетін қоғамдық қатынастар, ескерілмей қалған құқықтық институттар мен нормалар, уақыты келген жаңа тегеуріндер мен құбылыстарды назарға алмағанның өзінде, қолданыстағы Негізгі заңда өзіндік ішкі қайшылықтар, қисынсыз институттар мен нормалар күшінде қалып отыр. Яғни конституциялық кемшіліктер нақтысында, құқық теориясында «дефект» немесе «ақау» деп аталып, ғылыми жіктелетін кемшілікті нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде. Олардың қаншалықты әзірленгендігі, орындылығы мен тиімділігі үлкен сұрақтар туғызатыны сөзсіз. Әрине, оларға назар салатын немесе салдыратын саяси ерік пен мүдделі мамандар болса. Қоғам мен мемлекеттің бірін-бірі түсінбеушілігінің бір қыры қазір осында жатыр. Конституцияда кезінде түрлі себептермен жіберілген қателердің бары анық. Олар әлі өз шешімдерін, өз сағатын күтуде. Күн тәртібіне қашан қойылатыны да белгісіз. Мақаланың мақсаты соларды зерделеп, күн тәртібіне қою қоюға тырысу болып табылады.

Әзірлену кезеңінде жіберілген қағидатты құқықтық қатенің бірі
2017 жылғы конституциялық реформамен жойылды, яғни 22 жыл бойы қате норма басшылыққа алынып келді. Оның жойылғанын мүдделі мамандардан басқа елемеген сияқты. Кезінде ол кемшілік туралы ғылыми әдебиетте, бірінші кезекте, ғылыми мерзімді басылымдарда жарияланды. Алғаш кім көтергенін білмедім, мен 2010 жылғы бір мақаламда осы кемшілікті түзету қажет деп көрсеткен болатынмын.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта да Конституцияда ондай қағидатты кемшіліктердің бірқатары орын алып келеді. Келесі конституциялық реформада назар аударатын мәселенің бірі – конституциядағы құқықтық (тілдік) ұғымдардың бірізділігі мәселесі. Осы мақаланың объектісі болып отырған ұғым Конституцияның екі тілдегі мәтініне де қатысты. Бірінші кезекте, мәселе қазақ тіліне үлгі не әзірлеу тілі болып саналатын орыс тіліндегі мәтінде.

Құқық тоериясына сәйкес мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар, олардың құқықтық жағдайлары мен соған сәйкес құзіреттеріне сай нормативтік құқықтық акт қабылдауға не шығаруға құқылы.  Мысалы, Қазақстан Республикасының министрлері және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларына нормативтік құқықтық бұйрықтар шығаруға құзірет берілген. Сондықтан қолданыстағы заңнамада кездесетін «министрліктің бұйрығы» деген ұғым теориялық та, практикалық тұрғыда да өрескел қате болып табылады.  

Осындай сипаттағы қате Конституцияның 58, 60, 61 және
69-баптарында орын алып келеді. Мәселе – «шығару» (издать, издавать) ұғымына қатысты. Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметі алқалы органдар болып табылады. Оларда шешім барлық мүшелердің дауыс беру рәсімі арқылы қабылданады. Оның тәртібі қолданыстағы заңнамада бекітілген, жан-жақты реттелген. Ресімдеу талаптары да регламенттелген.

Егер әзірлеушінің қисыны дұрыс болса, осы органдардың жеке-дара билік ету қызметін атқарып,  Конституцияның 45-бабының 1-тармағына сай Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығаратын Қазақстан Республикасы Президентінің, не басқа жоғары лауазымдардың мәртебесімен тең қоймас еді.

58-баптың 3-тармағының 6) тармақшасында «Палаталар шығаратын актілер», 60-баптың 3-тармағындағы «Комитеттер мен комиссиялар ... қаулылар шығарады», 61-баптың 3-тармағында «заңдар шығаруға хақылы» деген сөздер мен сөз тіркестері өрескел қате болып табылады. Парламент, Палата, комитет пен комиссиялар кез келген шешімді алқалы түрде қабылдайды.

Ескерілуі тиіс әрі осылардың дұрыс нұсқалары Конституцияның өзінде бекітілген. Мысалы, 54-баптың 1-тармағында «конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды», 55-баптың 5) тармақшасында «конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау», 61-баптың 2-тармағындағы «заң жобалары ... қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi» деген сөздер мен сөз тіркестері дұрыс нұсқа болып табылады. Сонымен қатар, заңды қабылдауға қатысты нормалық сөздер осы баптың 5-1 тармағының бірінші және екінші абзацтарында да бекітілген.  

Мақала объектісі болып отырған ұғымды дұрыс қолданбау арқасында конституциялық нормалардың ішкі қайшылықтарына жол берілген. Мұндай жайт, мысалы, 58 және 61-баптарда жіберілген. 58-баптың
6) тармақшасындағы «Палаталар шығаратын актілер» мен 5-тармағындағы «Палаталардың төрағалары ... өкімдер шығарады» деген сөздер әзірлеушілердің қисындық та, тілдік те, құқықтық та талдаулық назарынан тыс қалған. Ал 61-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «қабылдануға» мен «шығаруға» деген сөздердің мағыналары мүлдем кездестірілмеген не ескерілмеген сияқты. Осы мәселе 69-баптың 1 және 2-тармағындағы тиісінше «Қазақстан Республикасының Үкіметі ... қаулылар шығарады», «Республиканың Премьер-Министрі ... өкімдер шығарады» деген нормаларға да қатысты. Бұл мысалдан Үкімет пен Премьер-Министрдің құқықтық мәртебелері бірдей деп тұжырымдауға болады. Көрсетілген мысалдар әзірлеушілер мен бақылаушылар, қабылдаушылар тарапынан немқұрайлылық болғанын аңғартады. Оның себептері басқа мақалаларға объект бола алады.

Қисын жағынан да, құқық пен тіл теориясы жағынан да, мемлекеттік-құқықтық даму тәжірибесі жағынан алсаңыз да «қабылдайды» және «шығарады» деген ұғымдар/етістіктер сай емес, сондықтан олардың орындары мен бастары ажыратылып, өздеріне тиесілі сөйлемдер мен нормаларда тұрулары қажет. Бұл да конституциялық нақтылауды қажет етеді, сондықтан келесі конституциялық реформаларға арқау бола алатын мәселе. Дәл осындай мәселе «өзгерістер» мен «өзгертулер» және т.с.с. ұғымдарға да қатысты. Конституцияның ішкі әлеуетін жоғарылату үшін қарапайым ұғымдармен де кәсіби айналысу қажет.       

 

Нұрзада Примашев,

заң ғылымдарының кандидаты,

Нұр-Сұлтан қаласы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив