«Технологияларды коммерцияландыру – ғылым мен бизнесті біріктіру құралы» ІІ халықаралық форумы

«Технологияларды коммерцияландыру – ғылым мен бизнесті біріктіру құралы» ІІ халықаралық форумы

2018 жылғы 4-қазанда сағат 10.00-де ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым қоры» АҚ «Технологияларды коммерцияландыру – ғылым мен бизнесті біріктіру құралы» атты ІІ халықаралық форумын өткізеді. 

Форум жұмысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е.А.Досаев,        ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары В.К. Божко, ҚР Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік секторлардың, ғылым және бизнестің өкілдері қатысады.

Форум брокерлік оқиға форматында өтеді, оның мақсаты ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға мүдделі әлеуетті серіктестерді іздеу және олармен байланыс орнату болып табылады. Осы мақсатта Форум шеңберінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының көрмесі ұйымдастырылатын болады.

Бұдан басқа коммерцияландыруды қолдау құралдары, ғылым, техника және инновация бойынша халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу механизмдері, технологиялық кәсіпкерлік және жетекші отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен старт-ап компанияларды дамыту бойынша тренингтер өткізу жоспарлануда.

Астана қ. Хилтон мейманханасы, Сауран к., 46 мекенжайы бойынша өтетін Форумға қатысуға шақырамыз.

Тіркеу және бағдалама forum.science-fund.kz  сілтеме бойынша қол жетімді 

Секцияға қатысушылар мен мастер-класстарға сертификаттар беріледі.

«Ғылым қоры» АҚ сайтына http://science-fund.kz сілтеме бойынша қол жетімді

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

8 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив