Денсаулық сақтау министрлігі ШҚО-да су басқан елді мекендерге бақылауды күшейтті

Денсаулық сақтау министрлігі ШҚО-да су басқан елді мекендерге бақылауды күшейтті

Бүгінгі күні су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердегі, оның ішінде халықты уақытша орналастырған жерлердегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Күршім, Глубокое, Зайсан, Зырян, Үржар, Ұлан аудандары мен Өскемен қаласын су басуға байланысты халық арасында топтық инфекциялық ауру жағдайлары тіркелген жоқ.

Су басқан және көшірілген халық орналастырылған жерлерде жедел медициналық жәрдем бригадалары кезекшілік атқаруда, сонымен бірге тұрғындар мен су тасқыны кезінде зардап шеккен адамдар тұратын жерлердің жағдайын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін тәжірибелі дәрігерлерден, эпидемиологтардан, гигиенисттерден, дезинфекторлардан тұратын шұғыл топтар жұмыс істеуде.

Ауыз судың қауіпсіздігіне тұрақты мониторинг ұйымдастырылды. ШҚО тұрғындарын су құбыры және қоғамдық құдықтар суының ластану фактілері туралы, сондай-ақ сарқынды судың жер бетіне шығуы туралы Комитеттің фейсбуктегі парақшасына және мына телефондар арқылы уақтылы хабарлауды сұраймыз:

ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті:  8/7232/76-85-99;

Астана қаласындағы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті: 8 /7172/ 74-17-40 және электрондық адрес: koozmzrk@gmail.com.

ШҚО-дағы ТЖ аймақтарындағы жағдай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында тұр.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің 

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив