Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – елбасының қоры Қазақстан компанияларына it-жобаларды енгізеді

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – елбасының қоры Қазақстан компанияларына it-жобаларды енгізеді

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының бастамасы бойынша өткізілген «Method PRO» жобасы бойынша екі апталық ІТ-тағылымдаманың қорытындысы жасалды.

«Method PRO» жобасы - Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға бағытталған  еліміздің дарынды жастарына арналған арнайы кәсіби білім беру платформасы.

Жобаны іске асыру барысында 100 дарынды студентке арналған отандық және шетелдік мамандардың мобильді және веб-әзірлемелері, машиналық оқыту және Вig Data, маркетинг және бизнес-талдауды қолдану жөнінде семинарлар өткізді. Жобаны іске асыру барысында оған қатысушылар елорданың ірі компаниялары және кәсіпорындарында тағылымдамадан өтті, оның нәтижесінде қатысушылар «Қазпошта», «Казатомпром», Бас прокуратура және т.б. үшін шешім-жобаларын әзірледі.

Бүгін Назарбаев Орталығының алаңында жоғарыда аталған компаниялардың ІТ-бағдарламалары және бизнес-ұсыныстарын енгізу жөніндегі жұмыстары көрсетіледі.

«Қазпошта» АҚ үшін ұсынылатын жоба – жасанды интелектіге негізделген және пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жүйе.

«Казатомпром» АҚ үшін ұсынылатын жоба – кен орындарынан уранды өндірген кезде кеніштерді цифрлауға мүмкіндік беретін цифрлық кеніш жүйесі.

Бас прокуратураға арналған жоба – «Белсенді азамат» мобильді қосымшасы. Қылмыстың мониторингісін жүргізуге, онлайн режимінде шағым және өтініш жасауға мүмкіндік беретін жүйе.

Тұсаукесерге ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев, АҚШ-тың ҚР-дағы елшісі Джордж Крол, жобаны бірлесіп ұйымдастырушы Дагар Давлетов, «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингісі басқармасының төрағасы Руслан Еңсебаев, «Қазпошта»АҚ-ының инновациялар және ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы  директоры Нариман Мұқұшев қатысты.

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев: «Қордың ұйымдастырып отырған жобалары - адами капиталға деген салым, олар Қазақстан жастарының жеке дара, кәсіби және рухани дамуына ықпал етеді. Жастарға салынған бүгінгі инвестициялар мемлекеттің прогресіне салынған инвестициялар болып табылады», деп атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив