ЮНИСЕФ қорының Қазақстандағы жаңа өкілі тағайындалды

ЮНИСЕФ қорының Қазақстандағы жаңа өкілі тағайындалды

Доктор Рашед Сарвар БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы жаңа өкілі атанды

АСТАНА, 30 сәуір 2024 жыл – Доктор Рашед Мустафа Сарвар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен аккредитация алғаннан кейін ЮНИСЕФ қорының Қазақстандағы жаңа өкілі болып ресми түрде тағайындалды. Ол бұл қызметте Артур ван Дизен мырзаның орнын басты.

Доктор Рашед Мустафа Сарвар 25 жылдан астам уақыт бойы Орталық Азияда, Кавказда, Еуропада және Оңтүстік-Шығыс Азияда БҰҰ жүйесінде, соның ішінде 18 жыл бойы ЮНИСЕФ-те жұмыс істеді.

«Мен Қазақстандағы ЮНИСЕФ ұжымына Қазақстан Үкіметінің Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялағанына 30 жыл толатын осындай атаулы жылы қосылғаныма өте қуаныштымын. Қазақстан балалардың құқықтарын қорғауда керемет жетістіктерге жетті, біз әрбір баланың арманын жүзеге асыру үшін жемісті ынтымақтастығымызды жалғастырғымыз келеді», - деді доктор Рашед Сарвар.

Ол сондай-ақ: «Ел жетістіктеріне сүйене отырып, мен Үкіметпен, жергілікті билікпен, азаматтық қоғаммен және бизнес серіктестермен бірлесіп жұмыс істеуді асыға күтемін. Бизнес Үкіметпен және азаматтық қоғаммен ынтымақтастықта әр баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауда маңызды рөл атқаратынына сенімдімін», - деді.

Қазақстанға тағайындалғанға дейін доктор Рашед екі жыл бойы Польшадағы ЮНИСЕФ қорының Төтенше әрекет ету кеңсесін басқарды. 2020 жылдан 2022 жылға дейін Малайзия мен Брунейдегі ЮНИСЕФ кеңсесін басқарды. 2015 жылдан 2020 жылға дейін Беларусьтегі ЮНИСЕФ өкілі болды, оған дейін Әзірбайжандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары қызметін атқарды.

Доктор Рашед Сарвар Әзірбайжанда жұмыс істегенге дейін Солтүстік Кавказдағы ЮНИСЕФ кеңсесін басқарып, Ресей Федерациясының субъектілері болып табылатын бес Кавказ республикасында: Дағыстанда, Шешенстанда, Солтүстік Осетияда, Ингушетияда және Кабардино-Балкарияда БҰҰ Балалар қорының қызметіне жетекшілік етті. Осы лауазымдардың барлығында ол ЮНИСЕФ қорының бағдарламалық қызметіне, оның ішінде басым бағдарламалық стратегияларды әзірлеуге, нәтижелерді бақылауға және мониторинг жүргізуге, халықаралық, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды үйлестіруге, сондай-ақ бизнеспен ынтымақтастыққа жалпы басшылық етті.

Доктор Сарвар - Бангладеш Халық Республикасының азаматы. Медицина ғылымдарының кандидаты. Үш тілде еркін сөйлейді: бенгал (бангла), ағылшын және орыс. Отбасылы, екі перзенті бар.

ЮНИСЕФ әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. ЮНИСЕФ 190-нан астам ел мен аумақта еңбек етеді. ЮНИСЕФ балалардың денсаулығы мен тамақтануын, барлық ұлдар мен қыздарға сапалы білім беруді, сонымен қатар балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды қолдайды. ЮНИСЕФ қызметі тек жеке тұлғалардың, компаниялардың, қорлардың және үкіметтердің ерікті қайырмалдықтары есебінен ғана қаржыландырылады.

Қосымша ақпарат:

ЮНИСЕФ қызметі туралы толығырақ веб-сайтта: https://www.unicef.org/kazakhstan/kk

Instagram, Facebook және Twitter парақшаларымызға жазылыңыздар.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив