«Қазіргі заң ғылымын дамыту: теория және практика» VІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

«Қазіргі заң ғылымын дамыту: теория және практика» VІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Дәстүр бойынша, Ғылым қызметкерлері күніне орай Құқық қорғау органдары академиясы «Қазіргі заң ғылымын дамыту: теория және практика» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Жетінші форум Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан жоғары оқу орындарының ғылыми және заң қоғамдастығының өкілдері, тәжірибешілер, докторанттар мен магистранттарды жинады.

Академия ректоры Марат Сексембаев кіріспе сөзінде мемлекеттің дамуындағы ғылымның маңызды рөлін және жастардың ғылыми қызметке белсенді қатысу қажеттілігін атап өтті.

Конференция қылмыстық заңнаманы қазіргі заманғы дамыту, жазаларды орындау, криминалистика мәселелерін талқылауға, сондай-ақ азаматтық, әкімшілік және ақпараттық құқық мәселелерін талдауға арналды.

Өзектілігін ескере отырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен, жасөспірімдердің суицидімен және людоманиямен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.

Конференция қорытындысы бойынша құқық қорғау қызметі саласындағы ғылыми-зерттеу саясатын одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар әзірленді.

Форумның жағымды сәттерінің бірі серіктес жоғары оқу орындарының басшылығы мен өкілдерін заң ғылымы саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі мен жетістіктеріне қосқан үлесі үшін Академия ректорының алғыс хаттарымен марапаттау болды. Қызу ғылыми пікірталастардың үздік қатысушыларына дипломдар табыс етілді.

Іс-шара заң ғылымын дамытудың маңыздылығын және жас ғалымдардың құқық қорғау саласының болашағына қосқан үлесін тағы да атап өтті. 

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив