СҚО полициясының басшысы су тасқынымен күреске жұмылдырылған жеке құрамның дайындығын тексерді

СҚО полициясының басшысы су тасқынымен күреске жұмылдырылған жеке құрамның дайындығын тексерді

видео: https://youtu.be/PDs9TB5F1i4 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов қызметкерлердің су тасқынына дайындығын тексерді.

Заречный кенті су басу қаупі бар аумақтардың бірі. Департамент бастығы эвакуацияланған аумақта түнгі кезекшілікке түсетін жеке құрамға заңдылықты бұзу фактілерін болдырмау жөнінде нұсқаулықтар берді. Бұл ауданда тұрмайтын бөгде адамдарды байқаған жағдайда, жеке басын және қандай себеппен бұл жерде жүргенін анықтау қажет екенін айтты. Сондай-ақ қызметкерлер басқа да шұғыл қызметтерге жан-жақты жәрдемдесу қажет екені туралы айтылды. «Ең бастысы қайғылы жағдайларға жол бермеуіміз керек», - деп атап өтті Айдын Қабдұлдинов.

Сонымен қатар облыс полициясының басшысы Заречныйға кіре берістегі бекеттердің жұмысын, сондай-ақ адамдар қалдырған саяжайлардың қалай күзетілетінін тексерді. Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Заречный саяжайы тәртіп сақшыларымен, оның ішінде салт атты полицейлердің күшімен үнемі бақылауға алынған.

Сәуірдің 12-сі күні таңертең полиция полковнигі Қабдұлдинов Петропавл қаласының Былғары зауыты кентіндегі, Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарындағы жағдайды бақылап қайтты. Полицияның барлық қызметтері жергілікті атқарушы органдармен және төтенше жағдай қызметкерлерімен, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге су тасқынына қарсы іс-шараларға барынша жұмылдырылған. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив