СҚО-да полицейлер адамдарға су тасқыны аймағынан эвакуациялауға көмектесуде

СҚО-да полицейлер адамдарға су тасқыны аймағынан эвакуациялауға көмектесуде

Солтүстік Қазақстанда үлкен су Петропавлға жақындап келеді. Қала маңындағы ауылдарда халықты эвакуациялау жүргізілуде. Облыс орталығынан небәрі 60 шақырым жерде орналасқан Семипалатное ауылындағы шеткі көшедегі 17 үйден адамдар шығарылды. Әкімдік қызметкерлері, полиция және ТЖ қызметкерлері, әскери қызметшілер адамдарға заттар мен малды құтқаруға көмектесті.

Эвакуация алдында халықпен жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полицияның, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ қызметкерлерінің күштері мен құралдары алдын ала толық дайындыққа келтірілді, адамдарды, техника мен малды әкету үшін көлік бөлінді. Үлкен су басу қаупінің қарсаңында аудан әкімі Сақтаған Сәдуақасов қызметтердің су басудың алдындағы дайындығын тексерді.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барлық аулаларды аралап, адамдарға хабарламалар таратты, төтенше жағдай туындаған кездегі қауіп пен іс-қимыл тәртібін түсіндірді. Тәртіп сақшылары эвакуациялауға жататын адамдардың санын, сондай-ақ оның сақталуын қамтамасыз ету үшін әкетілетін мүлікті тіркеді.

Қазір сол қағида бойынша Приишим және Боголюбов ауылдарында халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта су Семипалатное ауылына жақындады. Полиция қызметкерлері тонау фактілерін болдырмау үшін патрульдеуді жүзеге асыруда. Қала маңындағы Бескөл кентінде эвакуация белсенді кезеңге өтті, онда су басу қаупі бар аймақтан 260 адам шығарылуда.  

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-da-politsejler-azamattardy-su-tasqyny-ajmaghynan-evakuatsiyalau-zhalghasyp-zhatyr/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив