СҚО-да полицейлер эвакуацияланған адамдардың үйлерін күзетуде

СҚО-да полицейлер эвакуацияланған адамдардың үйлерін күзетуде

https://youtu.be/cdAn4cy5SNM 

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен шұғыл қызметтерге су тасқынына қарсы іс-шараларға жәрдемдесуде.

Бір апта ішінде Тайынша ауданының Красная Поляна, Доброжановка және Черниговка ауылдарындағы адамдарды эвакуациялау қажет болды. Қазір адамдар үйлеріне оралды, полицейлер олардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз етті, тонау фактілеріне жол берілмеді.

Сондай-ақ аудандық автожолдарда 6 бекет қойылды. Мысалы, Зеленый гай және Тихоокеанское ауылдарының арасындағы жол жабылып, көпірді шайып кеткен. Кирово және Ясная Поляна ауылдары арасында жүк көлігінің қозғалысы шектеулі — үлкен суды бұру үшін жол төсемін ашуға тура келді, тек жеңіл автокөліктер үшін өткел орнатылды. Бірлік ауылындағы су басқан көпір мәселесі шешілуде.

Есіл ауданында Жарғайың ауылынан адамдар мен малдар алдын ала әкетілді, олар қазір үлкен сумен кесіліп қалған. Жексенбі күні түстен кейін учаскелік инспектор аудандық ПБ кезекші бөліміне Николаевка ауылындағы Береговая көшесінен адамдарды эвакуациялаудың басталғаны туралы хабарлады. Полицейлер 22 үйден 64 адамды алып кетуге, мал айдауға көмектесті. Түнде су басу қаупіне байланысты Бірлік ауылынан 30 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялау басталды, оған полиция қызметкерлері де тартылды.

Шал ақын ауданында полицейлердің көмегімен ауруханада, мектепте немесе туыстарының жанына Қаратал және Коноваловка ауылдарынан 12 адам орналастырылды.

Тәртіп сақшылары тәулік бойы кезекшілікті, сондай-ақ су басу және толып кету орындарында қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Су тасқыны кезінде аңшылардан мылтықтары ұрлануына жол бермеу үшін алынды. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив