Петропавлда университет студенті академиялық адалдықты бұзғаны үшін оқудан шығарылды

Петропавлда университет студенті академиялық адалдықты бұзғаны үшін оқудан шығарылды

2023 жылы академиялық адалдықты бұзғаны үшін Манаша Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенті қалпына келтіру құқығынсыз оқудан шығарылды.

Университет еліміздегі жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып штатқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицерлерін енгізді, олардың күш-жігерімен өткен жылы академиялық адалдықтың жүзден астам бұзушылықтары анықталды.

Атап айтқанда, ЖОО-да қолданыстағы заңнама нормаларының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, ішкі регламенттер мен мінез-құлық кодекстерінің бұзылуын болдырмауға, корпоративтік сектор арасында Парасатты ортаны қалыптастыруға, тәуекелдерді басқаруға, яғни комплаенс бақылауға бағытталған шаралар жүйесі енгізілді.

Өз қызметінің осындай оң тәжірибелерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі» оқыту семинары барысында Солтүстік Қазақстан облысының 48 квазимемлекеттік сектор субъектісінің комплаенс-мамандары алмасты.

Сарапшылар ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және т.б. өкілдері сөз сөйлеп, «комплаенс-маман» жаңа мамандығының иегерлеріне корпоративтік сектордағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралдары туралы айтып берді.

Әлемнің 50-ден астам мемлекетінде қабылданған «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі» ISO 37001 халықаралық стандартын енгізуге ерекше назар аударылды.

Стандартта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бағалау жүргізу, бақылау рәсімдерін енгізу, контрагенттерді тексеру, мүдделер қақтығысын реттеу және ішкі аудит жүргізу бойынша егжей-тегжейлі ұсынымдар қамтылған, сондай-ақ комплаенс-қызметтің жоғары басшылыққа функционалдық бағыныстылығы жазылған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив