СҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институты белсенді дамуда

СҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институты белсенді дамуда

Петропавлда алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі» оқыту семинары өткізілді. Оған мемлекет қатысатын кәсіпорындардың мамандары, «комплаенс-маман» жаңа мамандығының иегерлері қатысты. Олар корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың көп деңгейлі жүйесін табысты іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

Бүгінде облыстың квазимемлекеттік сектор ұйымдарында 48 комплаенс-маман жұмыс істейді.

Жарқын мысал Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті. Университет еліміздегі жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып штатқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицерлерін енгізді, олардың күш-жігерімен өткен жылы ғана академиялық адалдықтың 150-ге жуық бұзылуы анықталды.

Атап айтқанда, ЖОО-да қолданыстағы заңнама нормаларының, оның ішінде жемқорлыққа қарсы, ішкі регламенттер мен мінез-құлық кодекстерінің бұзылуын болдырмауға, корпоративтік сектор арасында парасатты ортаны қалыптастыруға, тәуекелдерді басқаруға, яғни комплаенс бақылауға бағытталған шаралар жүйесі енгізілді.

Әлемнің 50-ден астам мемлекетінде қабылданған «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі» ISO 37001 халықаралық стандартын енгізуге ерекше назар аударылды.

Стандартта жемқорлық тәуекелдеріне бағалау жүргізу, бақылау рәсімдерін енгізу, контрагенттерді тексеру, мүдделер қақтығысын реттеу және ішкі аудит жүргізу бойынша егжей-тегжейлі ұсынымдар қамтылған, сондай-ақ комплаенс-қызметтің жоғары басшылыққа функционалдық бағыныстылығы жазылған.

Сарапшылар ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, қоғамдық ұйымдардың және т.б. өкілдері сөз сөйледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив