СҚО полицейлері буллингтің алдын алу үшін креативті жоспарларын іске асыруда

СҚО полицейлері буллингтің алдын алу үшін креативті жоспарларын іске асыруда

https://youtu.be/GVEE4BZ3PiA 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің бастамасымен №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінің оқушылары жасөспірімдер арасындағы ұжымдық буллингтің алдын алуға бағытталған бейнероликке түсті.

Әлеуметтік роликте, басқаша айтқанда, ұзақтығы бес жарым минут болатын қысқаметражды фильмде жаңа мектепке білім алуға ауысқан оқушының қорқынышы жайлы баяндалады. Түсінде мектептегі сыныптастарының тарапынан болған кемсітушілік пен қатыгездікті көреді. Шын мәнінде өңінде сыныппен танысуы жақсы өтеді. Барлығы оны жақсы қарсы алады. Осылайша, петропавлдық оқушылар буллинг пен зорлық-зомбылыққа қарсылықтарын көрсетті. Олардың пікірімен шоу-бизнес өкілдері Rin’Go тобы мен Luina да келісіп отыр. Ал роликке түскен полиция қызметкерлері буллингтің заң бойынша қудаланатындығын еске салады және оның құрбаны болған балаларға СҚО ПД ҰҚҚКБ-ның +7-702-296-21-02 сенім телефонына хабарласуға кеңес береді.

«Буллинг – бүгінгі замандағы алдын алу шараларын қабылдауды қажет ететін өзекті проблемалардың бірі, - дейді ҰҚҚКБ бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Мұндай фактілер жаппай қысым көрсетуге, жәбірленуші мен қысым көрсетушілердің психологиялық проблемаларына, өмірдегі жоспарларға кедергі келтіретін қылмыстық қудалауға алып келуі мүмкін».

Түсірілім жұмыстарын полиция департаментіндегі баспасөз қызметінің маманы жүргізді. Сценарийді № 8 мектептің ұстаздары жазды, ал шағын фильмдегі рольдерді театр үйірмесіне қатысып жүрген оқушылардың өздері орындап шықты.

Бейнероликті YouTube желісінен, сондай-ақ СҚО полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарынан тамашалауға болады. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив