Петропавлда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған суреттер байқауының жеңімпаздары анықталды

Петропавлда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған суреттер байқауының жеңімпаздары анықталды

Байқауға 100-ден астам жас суретшілер қатысты. Олар Солтүстік Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 7-9 сынып оқушылары.

Қатысушылардың суреттерін СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің төрағалығымен, Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Дамир Хабибулин, «Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Сәлімхан Сәбитов және білім бөлімінің өкілдерінен тұратын әділ қазылар алқасы бағалады.

Сондай-ақ, қазылар алқасының құрамына «Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» кешенінің «Кескіндеме» бөлімі оқытушылары Евгения Джаманчалова және Данара Алғожина, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Алма Банных кірді.

«Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауының ережесіне сәйкес облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 7-9 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың басты міндеті – эстетикалық тәрбие беру арқылы парасаттылық қағидаттарын дамыту. Жұмыстар үш параметр бойынша бағаланды. Оның ішінде плакат, сюжеттік композиция және өзіндік ерекшелік», - деді Нұрлан Жахин.

Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі суреттер үздік деп танылды:

1 орын – Анна Ячнева, СҚО Аққайың ауданы Ленин орта мектебінің оқушысы;

2 орын – Виктория Шаболдасова, №32 орта мектебінің оқушысы;

3 орын -  Ярослав Коваленко, Бірінші гимназияның оқушысы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының алғыс хатымен марапатталғандар:

  1. Фирсова Кристина – № 32 орта мектеп оқушысы;
  2. Скляренко Екатерина – № 32 орта мектеп оқушысы;
  3. Рыжкова Арина – М.Айтқожин атындағы №1 орта мектебінің оқушысы;
  4. Габдушева Симира – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысы;
  5. Полукеева Екатерина - №2 орта мектеп оқушысы;
  6. Любых Евгения – №4 орта мектеп оқушысы;
  7. Шаболдасова Александра – №32 орта мектеп оқушысы;
  8. Сафина Арина – бірінші қалалық жалпы білім беру IT-лицейінің оқушысы;
  9. Петрушевский Глеб – Налобин орта мектебінің оқушысы;
  10. Жұмаш Айдана – Шал ақын ауданы Кеңес орта мектебінің оқушысы;
  11. Мағзұм Даниал – Шал ақын ауданы Кеңес орта мектебінің оқушысы;
  12. Сидоренко Ирина – Тайынша қаласының №1 орта мектебінің оқушысы;
  13. Сазонов Александр – Новорыбинка жалпы білім беру мектебінің оқушысы;
  14. Кузина Анастасия – Черкасск орта мектебінің оқушысы;
  15. Степаненко Юлия – Летовочный орта мектебінің оқушысы.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Arnold 19 сентября 2023 13:09

    Heya fantastic website! Does running a blog similar
    to this require a great deal of work? I have virtually no
    knowledge of programming but I was hoping to start my own blog
    in the near future. Anyways, should you have any ideas or tips for new blog owners please share.
    I know this is off subject however I simply needed to ask.

    Thank you!

    Visit my web-site: vistaril disponible en farmacia belga

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив