Мүлікті жалға беруден түскен кірістерге салық салу

Мүлікті жалға беруден түскен кірістерге салық салу

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мүлікті жалға беруден түскен табыстарға салық салу туралы хабарлайды.

Жеке тұлға мүлікті жалға беруден кіріс алатын нұсқалар.

1 нұсқа - тұрғын үй иесі жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып, арнаулы салық режимін қолдана алады. Бұл ретте салық есептілігі табыс етілмейді және табыстың 1% мөлшерінде ЖТС төлейді.

Бір жылдағы табыс 13,0 млн. теңгеден (3 528 АЕК) аспауға тиіс.

2 нұсқа - тұрғын үй иесі – дара кәсіпкер емес, оның ішінде мемлекеттік қызметші, әскери адам болса. Онда жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша декларациясын (240.00 нысанын) немесе Кірістер мен мүлік туралы декларациясын (270.00 нысаны) жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіруіне байланысты ұсынады.

ЖТС-н  10% мөлшерлемесі бойынша төлейді.

3 нұсқа - тұрғын үй иесі салық агентіне (дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын тұлға, заңды тұлға) жалға береді.

ЖТС есептеуді, ұстап қалуды және бюджетке төлеуді салық агенті жалгерлік кірістен 10% ставка бойынша ЖТС ұстап қалу жолымен жүзеге асырады. 

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген (активтер мен міндеттемелер туралы "кіру" декларациясын ұсынған) жеке тұлғалар Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ұсынады.

Жеке табыс салығы есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қыркүйегіне дейінгі мерзімде табыстың 10% мөлшерлемесі бойынша төленеді. 

Жалпыға бірдей декларациялау  жүйесіне кірмеген жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде ұсынады.

Есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейінгі мерзімде табыстың 10% мөлшерлемесі бойынша ЖТС төлейді. ,

Декларацияны тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті», «Электрондық үкімет» вэб-порталдары, «e-Salyq Аzamat», Halyk, Банк Центркредит мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.

Сондай-ақ азаматтар декларацияны пошта арқылы не келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынуға құқылы.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив