Пәтерлерді жалға беру кезінде салық салу

Пәтерлерді жалға беру кезінде салық салу

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) тек жеке тұлғаларға қызмет көрсеткен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілгенін хабарлайды.

Егер күнтізбелік жыл ішінде алынған табыс 4,1 млн.теңгеден (1175 АЕК) аспаса, БЖТ төлеген азаматтар дара кәсіпкер (ДК) ретінде тіркелмеуге құқылы болды.

БЖТ төлеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызмет көрсетуді пайдалануға, әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік берді.

БЖТ қолдану кезеңі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

2024 жылдан бастап пәтерді жалға беретін азаматтар салықты мынадай тәсілдердің бірімен төлей алады:

- ДК ретінде тіркелу және таңдалған салық режиміне байланысты салық төлеу.

Мысалы:

патент негізінде арнаулы салық режимі (АСР) – жеке табыс салығының мөлшерлемесі (ЖТС) 1%, патент 1 айдан бір жылға дейін сатып алынады;

оңайлатылған декларация негiзiндегi АСР – ЖТС мөлшерлемесі 1,5 %, әлеуметтік салық 1,5%, есептілік жартыжылдықта 1 рет беріледі;

арнаулы мобильді қосымша пайдаланумен АСР, ЖТС мөлшерлемесі 1%, есептілік ұсынылмайды, қосымша сіз үшін салықтар мен төлемдерді есептейді.

Бұл ретте әлеуметтік төлемдерді де төлеу қажет екенін есте ұстаған жөн. Жеңілдікті санаттарға жатпайтын кәсіпкердің әлеуметтік төлемдерінің ең төменгі сомасы 2023 жылы 14350 теңгені құрайды. Бұл кәсіпкердің пайдасына төленетін төлемдер (2023 жылға зейнетақы жарналары – 7000 теңге, әлеуметтік аударымдар – 2450 теңге, медициналық сақтандыруға жарналар – 4900 теңге);

 - ДК тіркеусіз:

жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00-нысан) жылына бір рет тапсырылады, ЖТС алынған кіріс сомасының 10% мөлшерінде табыс етіледі;

пәтерді заңды тұлғаға немесе ДК жалға беру кезінде жалға алушы сіз үшін салық төлейді. ЖТС сомасы 10%, міндетті зейнетақы жарналары – 10%, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар – алынған кіріс сомасының 2% мөлшерінде.

Назар аударыңыз: instagram.com/mangystaumkd парақшада салық салу және кедендік әкімшілік туралы қосымша қажетті ақпараттар бар

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив