Елордада «Европротокол» мобильді қосымшасы арқылы 142 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Елордада «Европротокол» мобильді қосымшасы арқылы 142 жол-көлік оқиғасы тіркелді

         Ағымдағы жылы жеңіл жол-көлік оқиғаларын «жеңілдетілген тіркеуді» жүзеге асыру аясында жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін «Европротокол» мобильді қосымшасы енгізілді.

        Енді екі көлік қана жол апатына ұшырап, олар 369 мың теңгеден (100 АЕК-тен аспайтын) материалдық шығын келтірсе, жол-көлік оқиғасын тіркеу үшін полиция шақырудың қажеті жоқ.

        Мобильді қосымшаны пайдалана отырып, жүргізушілер зақымдалған бөлшектерді суретке түсіріп, хаттама толтырып, сақтандыру компанияларына тікелей залал туралы талап-арыз жібере алады.

Қандай артықшылықтар бар:

  • азаматтарға бұдан былай ұсақ жазатайым оқиғаларды тіркеу үшін кептелісте полицияны күтудің қажеті жоқ.
  • Мұндай бұзушылықтар үшін жүргізушілер енді әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Бұған дейін Астанада материалдық шығын әкелген жол-көлік оқиғасы салдарынан жыл сайын 29 мыңға жуық жүргізушіге соттар айыппұл салып немесе құқығынан айырылған.

  • сақтандыру төлемдерінің мерзімі хаттама жасаудан бастап сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі сот рәсімдерін жою арқылы қысқартылады.

Егер бұрын мұның барлығы 60 күнге дейін созылуы мүмкін болса, қазір тіркеуден бастап төлемдерді алғанға дейін шамамен 5 күн қажет.

  • жол-көлік оқиғаларына қызмет көрсететін полиция жасақтарының саны қысқартылуда. Бұл күштер мен құралдар заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

        Еурохаттаманы енгізу полиция мен тұрғындар арасындағы өзара іс-қимылды бюрократиясыздандырудың тағы бір қадамы болып табылады.

Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив