Учаскелік инспектордың уақтылы ескертуі ауыл тұрғынын интернет-алаяқтардың қаупінен құтқарды

Учаскелік инспектордың уақтылы ескертуі ауыл тұрғынын интернет-алаяқтардың қаупінен құтқарды

Учаскелік инспектордың уақтылы ескертуі СҚО Мамлют ауданындағы Афонькино ауылының тұрғынын интернет-алаяқтардың әккі әрекетінен құтқарды. WhatsApp қосымшасындағы ауыл чатында отырған полиция майоры Рустам Валиев киберқылмыстардың қаупі туралы профилактикалық бейнероликтер мен жадынамаларды жиі таратып отырады. Осындай кезекті бейнероликті жібергеннен кейін ауылдағы әйелдердің бірінен алғысы «Уақтылы ақпарат жіберіп отыратын біздің учаскелік полиция инспекторына рахмет. Жаңа ғана маған вацапқа анықтау бөліміненбіз деген әлдебіреулер хабарласты» деп жазылған хабарлама келіп түсті.

Әйелдің дауыстап жазған хабарламасына сәйкес, оған бейтаныс біреулер хабарласып, оның туысы жол-көлік оқиғасына түскенін айтқан. «Алаяқтар екені бірден ойыма келмеді. Тұтқаның арғы жағында полициядағы сияқты шулап жатқан дауыстар шығып жатты. Менің жеке деректерімді айтып берді. Егер Сіз жіберген видеоны көрмегенде, алаяқтарға сеніп қалар едім», - дейді әйел. Мұндай схема арқылы адамдарды алдау кеңінен таралған. Полицияның атын жамылған қаскөйлер жол апатынан зардап шеккен адам ақша алса, арыз жазбауы мүмкін екенін алға тартады. Телефон арқылы «Анашым, көмектесші!» деген жыламсыраған дауысты қосуы мүмкін. Әдетте, сұратқан ақшаларын өздерінің жіберген адамдары – дроппер арқылы алдыртады.

«Қаңтар айында Мамлют ауданында интернет-алаяқтықтың 2 фактісі тіркелді, екеуі де осындай сценарий арқылы жасалды, - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Айта кету қажет, азаматтардан алаяқтардың қулықтарына алданбағаны туралы хабарламалар жиі келіп тұрады. Бұл – тұрғындардың полиция қызметкерлерінің ақпаратына ден қойып, түсінгенін көрсетеді. Интернет-алаықтық – бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі. Бұны жуырда жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура мен жұртшылықтың қатысуымен өткен ведомствоаралық комиссияда талқыладық. Барынша көп адамды қату үшін бірлескен профилактикалық жұмыстарды күшейту туралы бірқатар шешімдер қабылданды. Өйткені алаяқтықтың қаупінен хабардар адам ғана өз-өзін қорғай алады». 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив