Ірі қара және ұсақ малдарды экспорттауға арналған квоталар «Е-лицензиялау» порталында автоматты бөлінеді

Ірі қара және ұсақ малдарды экспорттауға арналған квоталар «Е-лицензиялау» порталында автоматты бөлінеді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. «Қазақстан Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, бұқашықтар мен еркек тоқтыларды әкетуге алты ай мерзімге сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі. Шектеулер Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне де қатысты қолданылады. Бұйрық күшіне 2024 жылдың 2 ақпанынан бастап енеді.

Квота санын бөлу «Е-лицензиялау» порталында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру кезінде автоматты түрде жүзеге асырылатын болады.

Квота алу жөніндегі қысқаша нұсқаулық:

  1. https://elicense.kz/?lang=ru сілтемесі бойынша өту
  2. «ТАУАРЛАР ИМПОРТЫ, ЭКСПОРТЫ» санаты.
  • «Қызметті лицензиялау» қызметі - «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру».
  1. «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру» кіші қызметі.

Өтініш беру үшін келесі құжаттар - сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оның қосымшасының және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың келісімін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі.

Бұқашықтар мен еркек тоқтыларды экспорттауға лицензия алуға өтінімді 2024 жылдың 2 ақпанынан бастап беруге болады.

Туындаған сұрақтар бойынша 555-416 нөмірі бойынша ҚР АШМ аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің Сыртқы сауда басқармасына хабарласуға болады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив