Салықтық әкімшілендіру мәселелері талқыланды

Салықтық әкімшілендіру мәселелері талқыланды

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жергілікті бюджетке түсімдердің түсу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Отырыс Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Бектемірдің қатысуымен, МКД басшысы Серік Манзоровтың төрағалығымен өтті.

Кездесуге сондай-ақ Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшылары, Маңғыстау облысы әкімдігінің қаржы және экономика басқармасының басшылары, полиция, көші-қон қызметі, экология департаментінің, атқарушылық іс жүргізу органдарының және құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында 2023 жылға арналған МКК құзыретіне жататын салықтар мен басқа да төлемдер бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдер жоспары 107,4%-ға орындалғаны атап өтілді. Департамент жергілікті бюджеттің негізін құрайтын салықтың төрт түрі бойынша 249,9 млрд. теңгеден астам түсімді қамтамасыз етті. Жалпы, салықтық әкімшілендіру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылғы түсімдермен салыстырғанда түсімдер көрсеткіштерінің айтарлықтай өсуі байқалды.

Сондай-ақ, 2024 жылға арналған салықтық түсімдерді қамтамасыз ету және салықтық әкімшілендірудің бірлескен іс-шаралары бойынша өзара іс-қимылдың проблемалық мәселелері қаралды. 

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив