СҚО-да «динамолықтар» балалар мен жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен турнир ұйымдастырды

СҚО-да «динамолықтар» балалар мен жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен турнир ұйымдастырды

Бескөл ауылында балалар мен жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ашық облыстық турнир өтті. Аталмыш турнирді «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы Қызылжар аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебімен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Осыған дейін өңір халқымен кездесуге келген ішкі істер министрлігінің басшылығы облыстық полиция департаментіне күреспен айналысып жүрген балалардың спорттық клубына практикалық және әдістемелік көмек көрсетуді тапсырған болатын. ІІМ-нің тапсырмасы бойынша «Динамо» ДШСҚ-ның облыстық филиалы грек-рим күресінің секциясын қамқорлықтарына алды. Күн сайын жаттығу залдарында шынығып жүрген спортшылардың көпшілігі туған Отанын қорғауға ниетті, полиция қатарында қызмет атқаруға дайын жастар да бар.

Турнир екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Жарыстың ашылу салтанатында қатысушыларды «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Талғат Туғанбаев пен қазақ күресінен Қазақ КСР спорт шебері,  Петропавл қаласының құрметті азаматы Бауыржан Құлжанов қарсы алып, сәттілік тіледі. Петропавл қаласы мен облыс аудандарынан келген 9 бен 15 жас аралығындағы 60 астам жас спортшы 35-тен 65 кг-ға дейінгі салмақта өз араларында мықтыларды анықтады. Әмір Мәліков, Камиль Суфиянов, Ілияс Бөлегенов, Ерсайын Ерасыл, Денис Глущенко, Жәнібек Сәйпиев, Евгений Кузовкин, Роман Стеценко өз салмақтарында бірнеше белдесулер өткізіп, жеңіске жетті. Турнир жүлдегерлері медальдармен, грамоталармен марапатталды. Ал жеңімпаздар ДШСҚ-ның атынан бағалы сыйлықтар алды.

Балалар мен жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен облыстық турнир өткізу келесі жылға да жоспарланған. Айта кету қажет, «Динамо» ДШСҚ келесі жылы өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтпек. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-da-dinamolyqtar-balalar-men-zhasospirimder-arasynda-grek-rim-kuresinen-turnir-ujymdastyrdy/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив