Тараздық полицейлер облыс орталығындағы көшелерді қардан тазартпаған коммуналдық мекемеге айыппұл салды

Тараздық полицейлер облыс орталығындағы көшелерді қардан тазартпаған коммуналдық мекемеге айыппұл салды

Әкімшілік полиция қызметкерлері автомобиль жолдарын күнделікті тексеруден өткізуде. Бүгінгі таңда ең өзекті мәселе-көшелерді қардан тазарту және көктайғаққа қарсы материалдарды себуді жүзеге асыру. 

Егер рейдтік шаралар барысында полицейлер қандай да бір бұзушылықтарды анықтаса, онда оларды жою жөніндегі нұсқамаларды жауапты қызметтерге жібереді, олар жуық арада барлық кемшіліктерді түзетуге тиіс. Алайда, мердігерлік мекемелер әрдайым өздеріне қатысты жұмысты толық көлемде  орындамауда. 

Тараз қаласының автомобиль жолдарындағы әкімшілік полицияның жол-техникалық инспекция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер етіп отырған кемшіліктерді анықтады. 

Жол бойындағы қар үйінділері және жолдың тарылуына әкеп соқтыратын қарды сапасыз тазалау, жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі  және жол жиегіндегі үйілген қар жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қауіп төндіріп отыр. 

Осы кемшіліктері үшін мердігерлік мекемеге  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі (Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамау) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.  Лауазымды тұлғаға қатысты 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. 

Жыл басынан бері қыс мезгілінде автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін барлығы 8 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив