ШҚО-ДА ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА?

ШҚО-ДА ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА?

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Antikor Ortalygy» алаңында ШҚО бойынша жол қозғалысы мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы тікелей эфир өтті.

«Шығыс Қазақстан облысының жол желісі 20 272 км құрайды (республикадағы ең үлкен жол желісі), оның ішінде: республикалық маңызы бар - 3 414 км, облыстық маңызы бар – 3 186 км, жергілікті маңызы бар – 5 229 км, көше-жол желісі - 7 256 км, шаруашылық – 1 187 км. Сондай-ақ, облыс жолдарында 195 бағдаршам объектілері, 51 000 жол белгілері, 56 542 метр жол тосқауылдары жұмыс істейді. Қазіргі таңда 265 000 шаршы метр жол таңбасын салу (оның ішінде облыс орталығындағы Сәтпаев және Әуезов даңғылдары бойынша - 1.3 сары түсті), диагональды жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату (Чехов көшесі-Горький көшесі), сондай-ақ реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде көлемді визуалды әсері бар «зебра» салу сынды жұмыстар орындалды», - дейді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Еркін Ануарбеков.

Сонымен қатар, Еркін Ануарбековтің сөзіне сүйенсек, өңірімізде апатты жағдайларды азайту және болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асуда. Оның ішінде: 13 бағдаршам нысаны (Өскемен - 4, Семей - 3, Күршім - 4, Жарма - 2), 4 200 жол белгілері, 2 жаяу жүргіншілер өткелі (Семей қ., Мешіт ауданы), 6 ауылшаруашылық техникасы үшін мал өткелдері (құрылыс алаңдары «Алматы - Өскемен» - 3, «Омбы - Майқапшағай» - 3 жолдарының бойында орналасқан ауыл тұрғындарының ұсынысын ескере отырып таңдалды), Қалбатау, Көкпекті, Аягөз, Қ.Қайсенов кенті және Зайсан қаласының елді мекендерін айналып өтетін 5 әр деңгейлі жолайрықтар орнату сияқты құрылыс жұмыстары жоспарланған.

«Ағымдағы жылы жол қадағалау желісі бойынша көшелер мен автожолдарға 1000 тексеру жүргізілді (2020 жылы – 663), олардың нәтижелері бойынша тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша 910 нұсқама берілді (2020 жылы - 553). Автомобиль жолдары мен жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын нашар ұстағаны үшін жол-коммуналдық ұйымдарының 120 лауазымды және заңды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2020 жылы - 105). Темір жол өтпелеріне 231 тексеру жүргізілді (2020 жылы – 186), 161 нұсқама берілді (2020 жылы – 131), 20 лауазымды тұлға (кәсіпкерлік субъектілері) әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2020 жылы – 19)», - дейді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясы бөлімінің аса маңызды тапсырма бойынша аға инспекторы, полиция подполковнигі Игорь Клишин.

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Phillis 26 августа 2023 13:11

    Every weekend i used to visit this site, because
    i want enjoyment, for the reason that this this website
    conations genuinely good funny data too.

    Feel free to visit my web blog ... Elinor

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив