Декларацияны ұсыну қажет

Декларацияны ұсыну қажет

Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі басталды. Кәсіпкерлер активтер мен кірістер туралы ақпаратты ұсынуы керек.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ербол Өтеевтің айтуынша, декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары ұсынуы қажет. Табыс туралы құжатты жұмыс істемейтін фирмалардың басшылары да тапсыруы керек.

Декларацияны тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде тапсыру қажет. Құжатта шетелдегі активтерді көрсету қажет: жылжымайтын мүлік, жер учаскелері; көлік құралдары; әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, "өзен-теңіз" жүзу кемелері; ҚР шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестері; шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша сомасында, 1000 АЕК немесе 3 млн 450 мың теңгеден асатын барлық банктік салымдар жиынтықтарын.

Сондай-ақ декларацияда мынадай мәліметтерді көрсету қажет: тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісім-шарттар; бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары; цифрлық активтер; инвестициялық алтын; зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері; 10 мың АЕК немесе 34,5 млн теңгеге дейінгі қолма-қол ақша, оның ішінде банк торкөздерінде; жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған қарыздары келісім-шарттары.

- Декларацияларды ұсыну бойынша міндеттеме, егер кәсіпкер немесе заңды тұлға қызмет жүргізбесе, яғни әрекетсіз немесе қызметін тоқтатқан болса да туындайды, - деп түсіндірді Ербол Өтеев. - Жалпыға бірдей декларациялау көлеңкелі экономикамен күресуге, бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған. Қалауыңыз бойынша құны 1 мың АЕК-тен асатын кез келген мүлікті көрсетуге болады. Бұл мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, антиквариат, биологиялық активтер болуы мүмкін. Бірақ мұндай мүлікті тәуелсіз бағалаушы бағалауы керек.

Декларацияларды электронды түрде бірнеше тәсілмен беруге болады: "салық төлеушінің кабинетінде" - cabinet.salyk.kz; электрондық үкімет порталында - egov.kz ("кеден және салықтар" бөлімі); мобильді қосымшаларда - e-Salyq Azamat, eGov mobile, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында.

- Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бірінші рет ескерту түрінде, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін-15 АЕК немесе 51 мың 750 теңге мөлшерінде айыппұл. Декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді бірінші рет ұсынғаны үшін-ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін — 3 АЕК немесе 10 мың 350 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, - деп түсіндірді Ербол Өтеев.

Декларациялау және қызықтыратын мәселелер бойынша барлық қажетті ақпаратты салық төлеушілер 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығынан ала алады. 

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив