Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне енген тұлғалар үшін жыл сайын тапсырылатын декларация нысаны бекітілді

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне енген тұлғалар үшін жыл сайын тапсырылатын декларация нысаны бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде декларация тапсырған азаматтар 2022 жылдан бастап, жыл сайын 270.00 нысанды кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуы тиіс деп хабарлайды.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімі (250.00 нысан), яғни жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі 2021 жылдың 15 қыркүйегінде аяқталды.

Еске сала кетейік, бірінші кезеңде, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар (квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Парламент және мәслихат депутаттары, барлық деңгейдегі әкімдер және т.б.), бағалы қағаздардың ірі иегерлері, банктердің ірі қатысушылары, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ осы аталғандардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған болатын.

2021 жылы активтері мен міндеттемелері туралы декларация (250.00 нысан) тапсырған жеке тұлғалар кейіннен 2022 жылдан бастап, жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысан) тапсыруы тиіс, онда жеке тұлғалар күнтізбелік жыл ішінде, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде салық шегерімдері бойынша алынған кірістер туралы неғұрлым толық ақпаратты, сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) мүлікті тегін алу туралы, Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша туралы және басқа да мәліметтерді көрсетеді. 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қырқүйектегі № 927 бұйрығымен кірістер мен мүлік туралы декларациясының (270.00 нысан) нысаны бекітілді. Салық кодексінің 633-бабымен активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс етілген жылдан кейін кірістер мен мүлік туралы декларациясы есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша жыл сайын ұсынылатыны белгіленген.

Салық заңнамасына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны бірінші кезеңде табыс ететін жеке тұлғалар үшін қағаз жеткізгіште декларацияны табыс ету мерзімі табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей, ал электронды түрде декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмейтін мерзімді құрайды.

Бұйрық 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив