Балмұздақ өндірушілер жаңа маусымға дайындықты бастады

Балмұздақ өндірушілер жаңа маусымға дайындықты бастады

2024 жылғы 11 қаңтар, Алматы. Қазіргі заманғы балмұздақ өндірісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар, шикізат жеткізудің логистикалық сын-қатерлерін шешу, инженер кадрлар даярлау, салалық мәселелер, осы және басқа да тақырыптар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айгүл Құспан мен Сергей Пономаревтің «Шин-Лайн» балмұздақ фабрикасының қызметкерлерімен өткен кездесуінде көтерілді.

Сапар аясында фабрика қонақтары «Шин-Лайн» балмұздақ өндірісімен танысты. Өндіріс толығымен автоматтандырылған және компьютерленген, өнімнің қауіпсіздігі адамның қатысуынсыз температуралық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.  Технология құрамы жағынан күрделі, архитектурасы әр алуан, тұздықтардың түрлі дәмі, глазурьдің бірнеше қабаты, және шоколадты екі қайтара қолдана отырып әлемдік деңгейдегі балмұздақ дайындауға мүмкіндік береді. Шикізат – жергілікті жерде өндірілген сүт пен кілегей және де әлемнің жетекші өндірушілерінің табиғи ингредиенттері.

«Шин-Лайн» компаниялар тобы қызметкерлерінің саны Қазақстан бойынша 2000-нан астам адамды құрайды. Өндірістік кәсіпорында нарықтың үздік мамандары жұмыс істейді, олар: менеджерлер, технологтар, зертханашылар, кондитерлер, маркетологтар, инженерлер, дистрибуторлар. Кәсіпорынға түрлі мамандар керек, сондай-ақ жаз мезгілінде еңбек ететін маусымдық жұмысшылар қажет. Кәсіпорын ішінде көптеген жұмыстар атқарылады – компанияның конструкторлық бюросы, суықты сақтап тұратын қоймалары және мұздатқыш жабдықтары бар.

Өндіріс көлемі мен экспорт жыл сайын өсіп келеді. Біз азық - түлік пен балмұздақ шығаруға арналған жаңа инвестициялық жобаны жарияладық, ішкі инвестор ретінде біз мемлекет тарапынан қолдаудың болатынына сенеміз,-деді «Шин-Лайн» ЖШС Бас директоры Владимир Пак қонақтарға. - Бұдан басқа, біз сүт шикізатымен жұмыс істейміз, ал балмұздақ - қайта өңделген сүт өнімі. Дегенмен, бүгінгі күні балмұздақ өндірісінде АӨК дамыту шеңберінде басқа сүт өңдеушілер алатын жеңілдіктер жоқ (ЭҚЖЖ 10.51 – сүт, ал балмұздақ бөлек бөлінген - 10.52). Мен бұған назар аудара отырып, қажетті өзгерістер енгізілгенін қалаймын.

«Шин-Лайн» балмұздағын қазақстандық тоңазытқыштарда ғана емес, Орталық Азия мен Әзірбайжан елдерінің дүкендерінде де кездестіруге болады. Сондай-ақ өндірілген тауар Қытай мен Моңғолияға жөнелтіледі. «Шин-Лайн» экспорттық жеткізілімдері жаңа нарығының ішіне Грузия, Түрікменстан және Тәжікстан мемлекеттері енді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы ҚР-дан балмұздақ экспорты 7,8% - ға ұлғайған және бұл динамиканы нарық көшбасшысы «Шин-Лайн» компаниясы толықтай қамтамасыз етіп отыр.

- Мұндай кәсіпорындар Қазақстанның атынан шығуға лайық. Әлемнің 9 еліне экспорт бар, тіпті Беларуссияны да өнімдермен қамтамасыз етеміз. Осындай кәсіпорындарға барып, жұмысымен танысқанда жан қуанады, - деді VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев. - Біз әріптесіміз, VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспанмен бірге бүгін кәсіпорынды аралап шықтық. Өнімнің дәмі мінсіз, мұнда бәрі толығымен автоматтандырылған, өте дәмді, азық-түлік қауіпсіздігінің барлық талаптары, еуропалық өндіріс жабдықтары, әлемдік деңгейдегі технологиялар сақталған. 2023 жылы бюджетке 2 млрд салық төленген.

Euromonitor халықаралық зерттеу компаниясының мәліметінше, «Шин-Лайн» бір жыл ішінде нарықтағы үлесін 49% - дан жоғары асырып, арттыра алған. Компания бүгінде Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде тәулігіне 250 тонна көлемінде 120-дан астам балмұздақ түрін өндіретін №1- компания саналады. Ең танымал түрлер – «Бомба», «Полюстегі аю», Bahroma, сондай - ақ балмұздақ пен кондитерлік өнімдер сегменттерін біріктірген үздік топтама – «Золотая коллекция» («Гулливер», «Лесная Белочка», «Ключик Буратино», «Птичка» және «Красный мак»).

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив