Петропавлда 12 айда тыныштықты бұзудың 2 мыңнан астам бұзушылығы тіркелді

Петропавлда 12 айда тыныштықты бұзудың 2 мыңнан астам бұзушылығы тіркелді

Еңбектеніп келген әр адамның тынығып, дем алуға құқығы бар. Бұл туралы тәуліктеп жалға берілетін пәтерлерде көңілді отырыстар өткізуді құмартатын кейбір азаматтар ұмытып кетеді.

2023 жылы Петропавл қаласында түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 2104 фактісі тіркелді. «102» арнасына келіп түсетін шақыртулардың басым бөлігі пәтерлерді жалға алатын адамдардың кінәсінен туындайды. Осындай жағдайларға, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы хабарламаларға жедел түрде ден қою үшін Петропавлда патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірге учаскелік полиция инспекторлары да түнгі кезекшілікке шығады. Әдетте демалыс күндері қоңыраулар саны артады, кейде бір түнде 10-12 факті бойынша шаралар қабылдайды.

Петропавлдағы ең шулы пәтерлердің екеуі Интернациональная көшесінде болса, біреуі Жұмабаев көшесінде орналасқан. Бір жыл ішінде аталған пәтерлердің көршілері полицияға 7-8 рет шағым түсірген. Жалдап тұрған мазасыз тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, пәтерден шығарылған.

«Учаскелік полиция инспекторлары пәтерлердің иелерімен тиісті жұмыстар жүргізеді, оларға әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалуына себеп болатын жағдайлар мен шарттарды жою туралы ұсыныстар жіберілді, - дейді Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айдын Ақмағамбетов. – Облыс орталығында осындай ұсыныстарды елемеген пәтер бюроларының бірінің әкімшілігі жауапкершілікке тартылды. Естеріңізге сала кетейік, жұмыс күндері сағат 22.00-ден таңғы сағат 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ден таңғы сағат 10.00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Айналаңыздағы басқа азаматтардың тыныштығын құрметтеңіздер». 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив