Салық заңнамасына енгізілген өзгерістер

Салық заңнамасына енгізілген өзгерістер

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 12 желтоқсанда мынадай өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды: 

деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын салық төлеушілер үшін жою және қайтару операциялары жүргізілген ауысымдық есептерді, қолма-қол ақшаны және тауар чектерін есепке алу кітабын, сондай-ақ жою, қайтару және бақылау чектерін басып шығарған немесе толық толтырған күннен бастап бес жыл бойы сақтау жөніндегі міндетті алып тастау (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың ақпараттық жүйелерді интеграциялау жолымен Комитетке құмар ойынға және бәс тігуге қатысушылар және олардың ұтыстары туралы мәліметтерді ұсыну міндеттемесін енгізу (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

мемлекеттік кірістер органдарына адамның қатысуынсыз тексеруге бақылау субъектілерін іріктеу кезінде «Smart Data Ukimet» АТЖ-да пайдалану үшін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне автоматты режимде мәліметтерді беру құқығын ұсыну (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 

салық төлеушінің мемлекеттік кірістер органына өзі келу тәртібімен орналасқан жерін растайтын құжаттардың көшірмелерін және түпнұсқасын (салыстырып тексеру үшін) немесе құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салықтық зерттеп-қарау кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсінік ұсыну міндетін енгізу (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

камералдық бақылау бойынша (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі):

салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтармен келіспеу туралы түсіндірмеге салық және бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінен үзінді көшірмелерді және көрсетілген бұзушылықтарға жататын құжаттарды қоса бере отырып, құжаттарды ұсыну міндеттемесін алып тастау; 

салық төлеушінің бұзушылықтарда көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру жөніндегі міндетін хабарламада көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру жөніндегі құжаттармен расталған мән-жайларды көрсету бойынша міндетке ауыстыру;

тәуекел деңгейі орташа хабарламалар үшін (99,6%) келіспеу мән-жайларын көрсете отырып және Салық кодексінің 96-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды міндетті түрде қоса бере отырып, түсіндірме беру жөніндегі міндеттемені алып тастау, бұл міндеттеме тәуекелі жоғары хабарламалар (тауарсыз мәмілелер) үшін ғана сақталады;

мемлекеттік кірістер органдарының орташа тәуекел дәрежесі бар хабарламалар бойынша (99,6%) хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім шығару жөніндегі құқығын алып тастау, мұндай құқық тәуекел дәрежесі жоғары хабарламалар (тауарсыз мәмілелер) бойынша ғана сақталады;

камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы мемлекеттік кірістер органдары шешімінің болуын салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру үшін негіздерден алып тастау;

банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін жою;

мемлекеттік кірістер органы электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша шектеулер қолданған салық төлеушімен (салық төлеушілермен) өзара есеп айырысу бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселесін тақырыптық тексеру жүргізу үшін негіздемемен толықтыру;

«салық төлеушінің (салық агентінің) хабарламаны орындамауы» бөлігінде тақырыптық тексеру жүргізу үшін негіздемелерді «хабарламада көрсетілген бұзушылықтардың бар-жоғын растауға» ауыстыру.

Электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеу туралы шешім туралы салық төлеушілерді мынадай қосымша тәсілдермен: пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе салық төлеушіге қол қойғыза отырып хабардар ету;

салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды электрондық үкімет порталы арқылы жіберу мүмкіндігін беру, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыра отырып, шағым бойынша шешімді электрондық түрде жіберуі;

корпоративтік табыс салығы бойынша:

Бейрезидент – өзара байланысты тарап жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген кезде ғана, мұндай бейрезидент – өзара байланысты тараптан сатып алынған материалдық емес қызметтер басқарушылық, консультациялық, консалтингтік, аудиторлық, дизайнерлік, заңдық, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық, маркетингтік, франчайзингтік, қаржылық (сыйақы бойынша шығыстарды қоспағанда), инжинирингтік, агенттік көрсетілетін қызметтерді, роялтиді, зияткерлік меншік обьектілерін пайдалануға құқықтар бойынша шығындар шегерімге жатпайтыны бөлігінде редакцияны нақтылау.

Бұл шарт жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша салық салынатын кірісті азайту мақсатында  байланысты нормаға да қолданылады (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

микроқаржы ұйымдарына салық салу бойынша: 

микроқаржы ұйымы салық кезеңінде кешірілген микрокредит және оған сыйақы бойынша үмітсіз берешектердің жалпы сомасының салық кезеңі басындағы негізгі қарыз сомасына арақатынасының максималды мөлшері шегінде микрокредит және оған сыйақыны бойынша үмітсіз берешекті кешіруіне байланысты борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін азайтқан жағдайда осындай ұйымның КТС есептеу мақсаттары үшін құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кіріс, кіріс ретінде танылмайды (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

егер міндеттемелерді тоқтату банк (микроқаржы ұйымы) берген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі қарыз, сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл) бойынша берешекті кешіру нәтижесінде жүргізілсе, кредит бойынша міндеттемені тоқтаудан, сондай-ақ кредитор төлеген мемлекеттік баж бойынша түскен жеке тұлғаның кіріс  салық салуға жататын жылдық кірісі ретінде қаралмайды (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға салық салуды өзгерту бойынша:

мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі кіріс сомасына салық салынатын кірісті, сондай-ақ мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден болған залалдарға азайтылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірісті азайту жөніндегі құқықты алып тастау (2030 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексінің 288-бабы 2-тармағының 2), 3), 4) және 9) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша екінші деңгейдегі банктер алған кірістерге қатысты қолданылмайды (2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі);

бейрезиденттердің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістерін КТС салудан толық босату бөлігінде жеңілдікті алып тастау (2030 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өлшемшарттарға сәйкес биржада сауда-саттық болмаған кезде бейрезиденттердің сыйақы түріндегі кірістерін толық босату бөлігінде жеңілдікті алып тастау (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

дивидендтерге салық салу бойынша (резидент заңды тұлғалар үшін) (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі):

егер салық кезеңінде биржада белсенді сауда-саттық жүзеге асырылмаса (өлшемшарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды), КАСЕ, АХҚО биржаларында орналастырылған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер бөлігінде корпоративтік табыс салығы бойынша жылдық жиынтық кірісті түзетуді қолданбау жөніндегі ережелер алып тасталды;

егер салық кезеңінде биржада белсенді сауда-саттық жүзеге асырылмаса, КАСЕ, АХҚО биржаларында орналастырылған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу көзінен салық салынатын кіріс түріндегі корпоративтік табыс салығын салу жөніндегі ережелерді алып тастау;

уақытша теңгерімдеу төлемі бойынша (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі):

- жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін өтеусіз негізде, оның ішінде жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына магистральдық теміржол желісінің реттелетін қызметтер тарифіне 0 мөлшерінде уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып, жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің қызмет көрсетуге байланысты Ұлттық инфрақұрылым операторы шеккен шығыстар бойынша шегерім құқығын беру;

- жүктерді тасымалдаушы үшін төленген уақытша теңгерімдеу ақысы бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына шығыстар бойынша шегерімге құқық беру (табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген мөлшерлер шегінде);

- Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының өткізу, уақытша теңгерімдеу ақысын алу бойынша айналымын тану;

- Ұлттық инфрақұрылым операторының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін өтеусіз негізде, оның ішінде жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына магистральдық теміржол желісінің реттелетін қызметтер тарифіне 0 мөлшерінде уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып, жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің қызмет көрсету, өткізу бойынша айналымын танымау;

- жолаушыларды теміржол көлігімен өтеусіз негізде тасымалдау кезінде жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін, магистральдық теміржол желісі қызметтерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына көрсету үшін, оның ішінде жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифіне 0 мөлшерінде уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып Ұлттық инфрақұрылым операторы пайдаланған немесе пайдаланатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызу құқығын беру;

жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша:

КТС есептеу кезінде салық салынатын кірісті айқындау кезінде жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді шегеруді қолдану мүмкіндігін беру (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды:

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 

меншік құқығы тіркелген күннен бастап (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрақ орындарын сату (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлем түріндегі, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына бағытталған нысаналы жинақтар (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

жүзеге асырылған сатып алулар немесе алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін алдын ала есептелген сома есебінен оларды сатып алу кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын үнемдеуден материалдық пайда (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

мүліктік кіріс бойынша

жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрақ орындарын меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт өткізген кезде құн өсімінен түсетін кіріс деп тану (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

жеке тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан әкелінген, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын, бұрын Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, бір жылдан аз меншік құқығындағы болған, бағасы (құны) шартта (келісімшартта) немесе өзге де растайтын құжатта көрсетілген, тауарларға арналған декларацияда көрсетілген кедендік және кәдеге жарату төлемдері де ескерілетін және осындай механикалық көлік құралдарын және (немесе) тіркемелерді әкелу кезінде төленген механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені сатып алу бағасын (құнын) айқындау (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

біржолғы зейнетақы төлемдеріне салық салу бойынша 

жеке тұлғамен сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты болған немесе жасалған кезде, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын жеке тұлғаға біржолғы зейнетақы төлемі кезінде ЖТС ұстау тәртібін нақтылау (2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі);

мүгедектігі бар адамдар, оларға теңестірілген адамдар, ата-аналар, қамқоршылар, мүгедектігі бар баланың немесе бала кезінен мүгедектігі бар адамның қамқоршылары, сондай-ақ бала асырап алушылардың бірі, бала асырап алушылардың бірі болып табылатын мүгедектер болып табылатын адамдар, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған асырап алушы ата-аналардың асырап алушы отбасы үшін стандартты шегерімді алып тастағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша салық салынатын табыс мөлшерін айқындау (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

ЕАЭО елдері шеңберінде акциздік саясатты үйлестіру туралы келісімге сәйкес акциз мөлшерлемелерін біріздендіру мақсатында сыра қайнату өніміне акциз мөлшерлемесін 90 теңге/литр мөлшерінде белгілеу (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

мемлекеттік баж бойынша: 

соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруды ұсыну (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциялық сотына берілетін өтініштерінен мемлекеттік баж бойынша 1 АЕК мөлшерлемесінің орнына нөлдік мөлшерлемені белгілеу (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 

соттың сырттай шешімінің күшін жою жөніндегі өтінішті соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылуға жататын өтініштер санаттарынан алып тастау (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 

Конституциялық сотқа берілетін өтініштерден жеке тұлғалардың жеңілдікті санатын мемлекеттік баж төлеуден босату жөніндегі норманы алып тастау (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

көлік құралдарына салынатын салық бойынша:

жеңіл автомобильдерге жатқызылатын қатты стационарлық қалқамен (пикап-автомобильдер) жүк бөлігінен бөлінген жүк платформасы және жүргізуші кабинасы бар моторлы көлік құралдарына қатысты «жеңіл автомобиль шассиінде» сипаттамасын алып тастау (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

ұрланған (тоналған) көлік құралдары бойынша мәліметтерді ұсынатын уәкілетті мемлекеттік органның ҚР ҚПК-де ұрлау туралы өтінішті тіркеу бөлігінде процестік ұғымының өзгеруіне байланысты өзгерту (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем бойынша:   

жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның атауы бөлігінде өзгеріс (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

тұрғын үй иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігі бойынша жер салығының мөлшерлемесін есептеу кезінде дұрыс емес сілтемені түзету (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша:

тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша төлемақы төлеу тәртібін белгілеу (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауы учаскелері үшін жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеудің және төлеудің жекелеген тәртібін белгілеу (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

цифрлық майнинг бойынша: 

криптовалюталарды өткізу бойынша айналымды ҚҚС-тан босату (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

тұтынылған электр энергиясының 1 квт/сағатына 2 теңге мөлшерінде цифрлық майнинг үшін төлемақының тіркелген мөлшерлемесін белгілеу және өз электр станцияларында өндірілген электр энергиясын тұтыну кезінде тұтынылған электр энергиясының 1 квт/сағатына 10 теңге мөлшерінде мөлшерлемені алып тастау (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 

консулдық алым бойынша:

консулдық алым алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін айқындауы (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен келісім бойынша консулдық алым мөлшерлемелерін белгілеуі (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 

жалпыға бірдей декларациялау бойынша:

декларацияларды электронды түрде де, қағаз жеткізгіште де берудің бірыңғай мерзімін белгілеу – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегі (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың тұрғылықты жері бойынша осындай декларацияны ұсына отырып, тұрған жері бойынша активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну тәртібін алып тастау (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

салық агенттерінен, уәкілетті органдардан, ұйымдардан және өзге де көздерден осындай мәліметтердің келіп түсуіне байланысты төлем көзінен салық салынатын кірістер және Қазақстан Республикасында тіркелген мүлік туралы мәліметтерді алып тастау есебінен декларацияланатын мәліметтер тізбесін қысқартуды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талабы қолданылатын тұлғалар алып тасталады (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді);

бөлшек салықтың арнайы салық режимі бойынша:

құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану құқығын шектеу (ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

алынған кіріс Салық кодексінің 681-бабында белгіленген кірістерді айқындау жөніндегі тәртіпке ұқсас жиынтық айқындалатын бөлшек салықтың АСР қолдану кезінде кірісті айқындау тәртібін нақтылау (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

жергілікті өкілді органдарға 2024 жылғы 31 наурызға дейін бөлшек салық бойынша мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдау құқығын беру (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

арнайы экономикалық аймақтарға (бұдан әрі – АЭА) салық салу бойынша:

уәкілетті орган (Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі) АЭА аумақтарында жүзеге асыратын басым қызмет түрлерінің тізбесін жүргізуге байланысты АЭА аумақтарында жүзеге асырылатын басым қызмет түрлерінің тізбелерін бекіту жөніндегі ережелерді алып тастау (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

АЭА-да «инвестиция неғұрлым көп болса, жеңілдік соғұрлым көп болады» қағидаты бойынша салықтық жеңілдіктер берудің сараланған тәсілін енгізу, осылайша салықтық жеңілдіктердің қолданылу мерзімі салынған инвестициялар көлеміне байланысты тікелей айқындалатын болады (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі). 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив