Зиянкестер WhatsApp Bot инвестициялық жобасының атымен жамылып пайдаланушылардың жеке деректері мен ақшаларын ұрлайды

Зиянкестер WhatsApp Bot инвестициялық жобасының атымен жамылып пайдаланушылардың жеке деректері мен ақшаларын ұрлайды

«Касперский зертханасының» сарапшылары 2023 жылдың соңында өзекті болып қалатын алаяқтық сызба туралы айтады. Ол, соның ішінде орыс тілді пайдаланушыларға бағытталған. Скам-сайтта адамдарға жоқ WhatsApp Bot іске қосу арқылы инвестициядан ақша табу ұсынылады. Нәтижесінде жәбірленуші ақша мен жеке басы деректерін жоғалту қаупі бар.

Жалған бот туралы не белгілі. Scam ресурсының авторлары WhatsApp Bot іске қосылғаннан кейін пайдаланушы автоматты түрде ақша таба алады деп сендіреді, бірақ бұл боттың не екенін көрсетпейді. Назар аудару үшін бетте тек бір күнде төленген сома көрсетілген -118 мың АҚШ долларынан астам. Адамдарды, тек 80 бос орын қалғанын атап өтіп жобаға қатысуға асықтырады. Ресурс жасаушылардың айтуынша, бағдарлама «97% дәлдікпен» «мәмілеге тиімді кіруге» кепілдік беретін бірегей сауда алгоритмдеріне негізделген.

Деректер қалай ұрланады. Ресурс авторлары ақша табуды бастау үшін сізге ботты іске қосып үлгеру керек деп сендіреді. Егер адам шарттарға келіссе,олар атын, тегін, телефон нөмірін және электрондық поштаны көрсету үшін өтінімді толтыруды сұрайтын бетке жолдайды. Сипаттамада төлемдер аптасына 4 мың еуродан басталуы мүмкін делінген. Тіркелгеннен кейін оны растау үшін WhatsApp өкілі қоңырау шалуы керек. Алайда, іс жүзінде жәбірленушінің жеке деректері шабуылдаушыларға кетеді. Мұндай сызбалар аясында құпия ақпарат, әдетте, пайдаланушылардың қаражатын ұрлау үшін қолданылады. Мысалы, болашақта алаяқтар адаммен телефон арқылы немесе хабарламалар арқылы байланысып, әлеуметтік инженерия тәсілдері арқылы ақша тарта алады.

Зиянкестер сайтындағы бет

«Қазақстандағы пайдаланушылар да осындай сызбаға тап болуы мүмкін, оның үстіне ол тек орыс тілінде ғана жүзеге асырылмайды. Скам-ресурсын тарата отырып, зиянкестер геолокация бойынша сүзгіні орнатады және осылайша пайдаланушы оны ашатын браузер тіліне бетті реттейді. Сондықтан біз стилистикалық және пунктуациялық қателіктерге назар аударуды ұсынамыз-олар механикалық аудармамен байланысты болуы мүмкін. Үлкен сенімділік үшін шабуылдаушылар сайтта қолдау қызметінің физикалық мекен — жайын көрсететінін айта кеткен жөн, әрине, жалған, онда сіз қызықтыратын мәселелер бойынша жүгіне аласыз»,- деп «Касперский зертханасының» аға контент-талдаушысы Ольга Свистунова түсіндірді.

Онлайн алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмас үшін «Касперский зертханасының» мамандары мыналарды ұсынады:

  • күдікті хабарламалардан сілтемелер бойынша өтпеңіз;:
  • бейресми ресурстарға жеке деректерді енгізбеңіз;
  • қандай да бір компания акцияны шынымен өткізетінін немесе жобаны іске қосатыны туралы ресми сайттан тексеріңіз;
  • сенімді қорғаныс шешімін қолданыңыз, мысалы Kaspersky Premium , ол егер адам фишингке немесе скам-ресурсқа ауысуға тырысып жатса ескертеді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив