Таразда екі адамды құлдықта ұстаған күдікті ұсталды

Таразда екі адамды құлдықта ұстаған күдікті ұсталды

Тараз қаласы Полиция басқармасының 2-полиция бөліміне 24 және 40 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматтарынан еңбекті пайдалану дерегі бойынша арыз түсті. 

Арызда жәбірленушілер ер адам олардың жеке басты куәландыратын құжаттарын алып қойып, Тараз қаласындағы құрылыс нысандарында жұмыс істеуге мәжбүр еткенін көрсетті. Олар қашып үлгерген, алайда иелері құжаттарын қайтару үшін ақша бопсалаған. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 126-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағымен (Заңсыз бас бостандығынан айыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Түркістан облысының 35 жастағы тұрғынын анықтады. Ол талап еткен шамамен 500 мың теңге көлеміндегі ақшаның 200 мың теңгесін алған кезінде ұсталды. 

Күдікті өз кінәсін мойындады. Құрықтау барысында одан

200.000 теңге сомасындағы ақшалай қаражат, «Редми-7» маркалы ұялы телефон және құжаттар тәркіленді. 

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив