Еліміздің ХҚКО-лары Тәуелсіздік күніне орай акция өткізді

Еліміздің ХҚКО-лары Тәуелсіздік күніне орай акция өткізді

Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырды. Осылайша, таңертеңнен бастап ХҚКО қызметкерлері жеке куәлігін алғаш рет алған клиенттерге «Қазақстан» шоколады мен кәдесый жалауларын таратуға кірісті. Дәстүрге айналған бұл іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталған.

Айта кетейік, қараша айындағы деректерге сәйкес, ең көп алашқы жеке куәлік Түркістан облысында – 550-ге жуық, Алматыда – 480-ден астам және Астанада – 440-қа жуық берілген. Айтпақшы, қазақстандықтар жеке басын куәландыратын бұл құжатты 16 жасында алады.

«Елдегі басты мерекелердің бірі қарсаңында біз алғаш рет жеке куәлік алып отырған жас қазақстандықтарды атап өткіміз келді. Құжатпен бірге Қазақстанның рәміздері бейнеленген шағын сыйлықтарды табыс еттік. Бұл жастарды адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуге оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз», – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Шоколад пен жалаушаларды таратқан ХҚО қызметкерлерінің айтуынша, кәдесый алған жастар таңғалып, қуанып қалды. Оларды Мемлекеттік корпорация қызметкерлері ғана емес, басқа қызметалушылар да құттықтады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив