Маңғыстауда шамамен тоқсан мыңға дейін кәсіпкерлік субъектілері қамтылады

Маңғыстауда шамамен тоқсан мыңға дейін кәсіпкерлік субъектілері қамтылады

Апта сайын Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында "Жалпыға бірдей декларациялау, енгізу кезеңдерінің ерекшеліктері" тақырыбында түсіндіру семинарлары өтеді.

Өткен тренингте Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Р.Джармаева жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінің басталғанын еске салды, шамамен аумақта тоқсан мыңға дейін кәсіпкерлік субъектілері қамтылатын болады. Үшінші кезеңде табыс туралы декларацияны тапсыруға барлық бизнес субъектілері (құрылтайшылар, жеке меншік нысанындағы кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары) жатады.

Кірістер туралы декларацияда 12 тармақ бар және спикер оны толтыру тәртібін түсіндірді: есепке енгізуге не жатады; Қазақстаннан тыс жерде тіркелген және есепке алынуға жататын мүліктің бағалау құны қандай болуы тиіс және т.б.

"Декларацияны қағаз жеткізгіште тапсыру мерзімі – 2024 жылғы 15 шілдеге дейін, электронды түрде-15 қыркүйекке дейін. Декларацияға 2023 жылғы мәліметтер енгізіледі. 2025 жылы жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне Қазақстанның барлық азаматтары кіреді, ал 2026 жылы кірістер туралы декларацияларды уақтылы тапсыру тұрғысынан тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты бірыңғай норма қабылданады", — деді Р.Джармаева.

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде салық салуға жататын кірістер туралы есепті тапсыру жөніндегі талап мемлекеттік қызметшілерге, оларға теңестірілген тұлғаларға, банк, сақтандыру нарықтары мен бағалы қағаздар нарығының ірі қатысушыларына, сондай – ақ барлық аталған адамдардың жұбайларына; екінші кезеңде-мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне және олардың жұбайларына, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен олардың жұбайларына қолданылды

Сондай-ақ, семинар шеңберінде МКД қызметкерлері оңалту және банкроттық рәсімдеріне, қызметті тоқтату бойынша, сондай-ақ экспорттық бақыланатын тауардларға (қос мақсаттағы) ТІЖ ресімдеуге қатысты жаңа өзгерістер бойынша және басқа да бірқатар сұрақтарға жауап берді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив