СҚО-да полицейлер отбасылық жанжалқойларға арнайы қабылдау орталығына экскурсия ұйымдастырып, оларға психологты шақырды

СҚО-да полицейлер отбасылық жанжалқойларға арнайы қабылдау орталығына экскурсия ұйымдастырып, оларға психологты шақырды

"Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" республикалық акциясы аясында бұрын отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды жасады деп байқалған Петропавлдық ер адамдар қалалық полиция басқармасына шақырылды. Ерекше қонақтар үшін әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдағыштың үй-жайына экскурсия жүргізіліп, белгілі психолог Резеда Баймұхамбетованың дәрісін тыңдап, қалалық полиция басшылығына кез-келген сұрақтар қою мүмкіндігі туды. 

Сонымен қатар, "Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні " аясында учаскелік инспекторлар әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлесіп, проблемалық мекен-жайларды аулалық және пәтерлік аралау жандандырылды. Отбасылық жанжалға кезекті шақыру Жұмабаев көшесіндегі пәтерлердің бірінде жүзеге асырылды. Әйел адамның айтуынша, оның 62 жастағы жұбайы үнемі ішімдік ішеді, кейін жанжал шығарады. Ер адам полиция басқармасына жеткізілді; оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Сот 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматовтың ақпараты бойынша, СҚО-да жыл басынан бері осы желі бойынша 1800-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді; олар бойынша 487 адам әкімшілік қамауға алынды, 279 адам ескертілді және 6 айыппұл салынды. Жанжалқойларға қатысты 2153 қорғау ұйғарымы шығарылды. Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 132 адам жауапқа тартылды.

Полицейлер: отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау — жергілікті полиция қызметі жұмысының басымдықтарының бірі. Акция аясында полицейлермен бірге рейдтерге "Amanat" партиясының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен еріктілер қатысады. Соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша СҚО-да осы бағыт бойынша қылмыстардың төмендеуі байқалғанымен, полицейлер профилактиканың қарқындылығын төмендетуді жоспарламайды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты барлық мәселелер бойынша "150" республикалық желісіне, СҚО полиция департаментінің әйелдерді қорғау бөлімшелеріне — 8 (7152) 61-25-30 және 8 (7152) 49-31-58 — Петропавл қаласының полиция басқармасына жүгінуге болады. "111" тегін сенім телефоны жұмыс істейді, оған қоңырау шалып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бағдарламалары туралы кеңес алуға болады. 102 телефоны да үнемі жұмыс істейді.   

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-da-politsejler-otbasylyq-zhanzhalqojlargha-arnajy-qabyldau-ortalyghyna-ekskursiya-ujymdastyrdy/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив