Қала аумағында

Қала аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Полицейлер жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, жастар қозғалыстары және еріктілермен өзара іс-қимыл жасай отырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алады және жолын кеседі. Жедел шараның  үш күнінде елордада 92 қылмыс тіркелді, оның 12-сі қоғамдық орындарда және көшелерде жасалды. Барлығы 62 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды.

Сонымен қатар, "Құқықтық тәртіп" аясында 4 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, олардың арасында ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуы. Жол қозғалысы қауіпсіздігі желісі бойынша 1,5 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 6 жүргізуші қамауға алынды, сонымен қатар, көлік жүргізу құқығынан айырылған 2 жүргізуші ұсталды.

Мәселен, Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері сағат 04.50-де Қорғалжын тас жолында "Мазда-323" автокөлігін байқаған. Ол өте төмен жылдамдықпен жүрген. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері 47 жастағы жүргізушіден алкогольдің иісін сезеді. Жүргізушіге медициналық куәландырудан өту ұсынылды, оның нәтижелері бойынша жеңіл дәрежелі алкогольдік масаңдық туралы қорытынды берілді. Сонымен қатар, 2020 жылдың қыркүйегінде ер адам мас күйінде  көлік  басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Ол Астана қаласы  ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты ҚР ҚК 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив