СҚО полицейлері жол жүрісі қауіпсіздігі апталығының соңында қан тапсырды

СҚО полицейлері жол жүрісі қауіпсіздігі апталығының соңында қан тапсырды

Өткен жұма күні СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының кезекшілікке жұмылдырылмаған қызметкерлері облыстық қан орталығына келіп, донорлық акцияға қатысты. Учаскелік инспекторлар, облыстық ПД және Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальондарының қызметкерлері халықпен тығыз жұмыс жасайды, қиын жағдайларда алғашқылардың бірі болып көмекке келеді. Олар жол-көлік оқиғаларында, өрт салдарынан және басқа да оқыс оқиғаларда зардап шеккендерге донорлық көмектің қажет екенін жақсы түсінеді.

«Жергілікті полиция қызметі бөліністерінің барлығы 20 астам қызметкері қан тапсырды, - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Қызметкерлердің қан тапсыруы «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» кең ауқымды республикалық акциясының соңғы іс-шарасы болды. Бұл арқылы қоғамның назарын апаттылық жағдайына аудартқымыз келді. Өткен апта бойы брифинг, әлеуметтік желілердегі тікелей эфир, жол қозғалысының қатысушыларымен әңгімелесу, жарық қайтарғыш браслеттер тарату, балалар арасындағы суреттер байқауы, оқушылармен кездесіп, жол үстіндегі қауіпсіз жүріп-тұруды жеткізу сияқты ақпараттық-түсіндіру сипатындағы бірқатар іс-шаралар өткізілді». 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив