СҚО-да полицейлер жаяу жүргіншілерге шағылыстыратын ленталар мен жүргізушілерге балалар салған суреттерін таратуда

СҚО-да полицейлер жаяу жүргіншілерге шағылыстыратын ленталар мен жүргізушілерге балалар салған суреттерін таратуда

https://youtu.be/Z5LTo_OaVd8 

13 қарашадан бастап солтүстікқазақстандық полицейлері "жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы" республикалық акциясы аясында жұмыс істей бастады. Тәртіп сақшылары күн сайын білім беру және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп акцияның кезеңдерін өткізіп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты жол-көлік оқиғалары мен балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған кешенді профилактикасын жүргізу.

Солтүстік Қазақстан облысы жолдарындағы жол көлік оқиғаларының статистикасына сәйкес 10 айдын ішінде 327 жол көлік апаты тіркелген. Салдарынан 39 адам қаза тауып, 463-і түрлі дене жарақаттарын алған. 300-ден астам жол көлік оқиғасынан — 78-і-балалардың қатысуымен орын алып отыр.Маусымаралық кезеңде күннің қысқарып, көктайғақтың пайда болуына байланысты жол апаттарының қаупі арта түседі. Орын алу мүмкін жол апаттарының санын азайту мақсатын полицейлер балалармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, Сөмкелер мен сыртқы киімдерге бекіту үшін шағылыстыратын ленталар таратуда.

Сондай-ақ, "Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы" аясында мектеп оқушылары арасында шығармашылық сурет байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар қарындаш және фломастерлердің көмегімен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақыру тақырыбындағы суреттерін салды. Ал полицейлер болса бұл суреттерді қаладан шыға берісіндегі жүргізушілерге таратып берді.

Ең бастысы жас жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аудару. Құқық қорғау органдары ата-аналарға көлікте балаларды тасымалдау кезінде арнайы ұстау құрылғыларын пайдалану қажеттілігі туралы түсіндіріп, көліктің артқы терезесіне арналған "машинадағы бала"деген жазуы бар жапсырмаларды    таратты.

"Мектептердегі кездесулерден, жүргізушілермен және жаяу жүргіншілермен әңгімелесуден басқа жергілікті полиция қызметі басқармасымен онлайн-брифинг өткізілді. Біз әлеуметтік желі қолданушыларына акцияның міндеттері туралы айтып, желілік аудиторияның сұрақтарына жауап бердік. Акция аясында қарашаның әр үшінші жексенбісінде аталып өтетін дүниежүзілік жол көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күні қарсаңында патрульдік полицейлер үнемі қатысатын дәстүрлі қан тапсыру іс-шарасы жоспарланған", - деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/ru/politsejskie-sko-razdayut-svetootrazhayushhie-lenty-peshehodam-i-detskie-risunki-voditelyam/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив