Газ тарату желілеріне қосылуға техникалық шарттарды eGov.kz порталында алуға болады

Газ тарату желілеріне қосылуға техникалық шарттарды eGov.kz порталында алуға болады

Тұрғын үйлер мен нысандардың иелері газ тарату желілеріне қосылуға техникалық шарттарды eGov.kz порталында өтінім беру арқылы ала алады.

Аталмыш қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Порталда қызметті алу үшін барлық қажетті жолдарды толтырып, көрсетілген мекен-жай бойынша тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар туралы ақпаратты растау қажет.

«Үйді көгілдір отынға қосу үшін ең алдымен жер үйлер мен нысандардың иелері техникалық шарттарды алуы керек. Бұл кезеңді ыңғайлы ету үшін біз Энергетика министрлігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен  бірлесе бұл қызметті онлайн режимге ауыстырдық. Дайын құжатты eGov.kz жеке кабинетінде көруге болады»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

«Газ тарату желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру» жаңа қызметі Электрондық үкіет порталының «Жылжымайтын мүлік» - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» бөлімінде қолжетімді.

«Газ тарату желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру» жаңа қызметінің көрсету мерзімі:

- техникалық күрделі емес объектілері үшін – 5 жұмыс күні;

- техникалық күрделі объектілер үшін – 10 жұмыс күні.

Қызметті көрсету нәтижесі техникалық шарттар туралы құжат немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

Қызмет ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету комитетінің, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүйелерін біріктіру арқасында қолжетімді болды. 

«ҰАТ» АҚ

Қоғаммен байланыс басқармасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив