Салықтар мен әлеуметтік төлемдердің төленбеуінен шоттарды бұғаттау: нені білу маңызды?

Салықтар мен әлеуметтік төлемдердің төленбеуінен шоттарды бұғаттау: нені білу маңызды?

Көбіне кәсіпкерлер қарыздың аз ғана сомасы үшін банк шоттарының бұғатталғанына шағымданатыны рас. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті шын мәнінде қарыздар болса қандай жағдайда шоттар бұғатталатынын және алдағы уақытта бұл сұрақты қалай шешуді жоспарлайтынын түсіндіреді.

Cалық кодексінің 19-бабына сәйкес салық органдары банктік шоттарға тыйым салуды 6 айлық есептік көрсеткіштен (2023 жылы – 20 700 теңге) астам салық берешегі бойынша жүргізіледі. Яғни 6 АЕК-тен аз салық қарыздары бойынша шоттар бұғатталмайды.

Дегенмен, әлеуметтік төлемдер бойынша банк шоттарына тыйым салу 1 теңгеден асқан қарыздары бойынша басталады. Өйткені бұл ұйым қызметкерлері бойынша берешек (олардың зейнетақы қорларына, МӘМС қорына түсетін түсімдер) болып табылады.

Кәсіпкерлікті қолдау аясында салық берешегі мен әлеуметтік төлемдер бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін шекті соманы ұлғайту бойынша тиісті заңнамалық актілерге енгізу қаралуда.

Сонымен бірге, кішігірім қарыздар үшін банктік шоттарға тыйым салуға жол бермеу үшін шоттар бойынша берешек сомалары шегінде шектеулер жүргізу  ұсынылады. Яғни берешек 100 теңге болғанда – тек 100 теңге бұғатталады.

Осы түзетулерді қабылдау банктік шоттардағы барлық ақшаны бұғаттау мәселесін шешеді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив