Маңғыстаулықтардың салық бойынша қарызы 1 251,2 млн теңгеге жетті

Маңғыстаулықтардың салық бойынша қарызы 1 251,2 млн теңгеге жетті

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

2021 жылдың жеті айдың қорытындысы бойынша жеке меншіктегі жылжитын және жылжымайтын мүліктер бойынша салық берешегінің сомасы 1 251,2 млн. теңгені құрады.

22 795 жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша жалпы берешек сомасы 1 185,6 млн теңгені құрады, оның ішінде негізгі сомасы 919,9 млн теңге, өсімпұлдар – 265,7 млн теңге.

21 489 жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша берешек 47,4 млн теңгені құрады, оның ішінде негізгі сомасы 33,2 млн теңге, өсімпұлдар – 14,2 млн теңге.

Сонымен қатар, 20 739 жеке тұлғаның жер салығы бойынша қарыз 18,2 млн теңгені құрады, оның ішінде негізгі сомасы 10,8 млн теңге, өсімпұлдар – 7,4 млн теңге.

Салық заңнамасы салық міндеттемесінің орындалуын кешіктірген әрбір күн үшін өсімпұл есептеуді қарастырады, ал айыппұлдарды қолдану заңда көзделмеген.

Сонымен қатар, салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, салық органдары салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуды қамтамасыз ету үшін салық заңнамасында көзделген әдістерді қолдануға міндетті.

Бұл ретте салық заңнамасы банктердің салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге (заңды тұлға, жеке кәсіпкер, жеке тұлға) банктік шот ашудан бас тарту міндеттемесін көздейді.

Бұл ереже мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттарға, білім беру жинақ салымы шарты бойынша банктік шоттарға қолданылмайды. Яғни, егер банктік шотты жеке тұлға осы мақсаттар үшін ашса, онда мұндай адамның салық берешегі болса да, банк оны ашудан бас тартуға құқылы емес.

Бұдан басқа, Салық кодексіне сәйкес салық берешегі 1 айлық есептік көрсеткіштен артық мөлшерде төленбеген жағдайда, салық берешегі туралы хабарлама берілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде төленбеген жағдайда салық органы сәйкес салық бұйрығын шығарады және оны Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және оның мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аймақтық жеке сот орындаушылар палатасына немесе әділет органдарына мәжбүрлеп орындау үшін жібереді. 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив