Алкоголь өнімдерін өндіруге лицензияны қалай алуға болады?

Алкоголь өнімдерін өндіруге лицензияны қалай алуға болады?

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алкоголь өнімдерін өндіруге лицензия беру және өтініштерді қабылдау www.egov.kz (http://internal.elicense.kz) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылатынын хабарлайды.

Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру жөніндегі лицензиар –Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті болып табылады. 

Лицензиялық алым қайда, қашан  және қанша төленеді? 

Алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін немесе лицензияны алғанға дейін алым төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді (БСК 105402).

Алкоголь өнімін өндіруге (сыра қайнату өнімдерін қоспағанда) лицензия бергені үшін лицензиялық алымның ставкалары – 3000 АЕК (10,3 млн.теңге); сыра қайнату өнімдерін өндіруге – 2000 АЕК (6,9 млн.теңге). 

Қандай құжаттар қажет? 

Алкоголь өнімдерін өндіруге лицензия алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (барлық құжаттар электронды түрде ұсынылады):

- өтініш;

- лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

- алкоголь өнімін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндірістік паспорттың көшірмесі;

- арақтардың, айрықша арақтардың, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтардың қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану-техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспортарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуаттылық есебінің көшірмесі;

- ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың көшірмелері;

- алкоголь өндірісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпарат нысаны. 

Алкоголь өнімдерін өндіруге стационарлық өндірістік үй-жайларда және өндірушіге тиесілі жабдықта рұқсат етіледі, сонымен қатар алкоголь өнімдерін өндіруге санитарлық-эпидемиологиялық сертификат (СЭС) алу қажет.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив