Елордалық полицейлер пәтер алаяқтарын әшкереледі

Елордалық полицейлер пәтер алаяқтарын әшкереледі

Полицияға бірден бес жәбірленуші хабарласып, белгісіз біреу интернет желісінде пәтерді жалға беру сылтауымен оларды алдағаны туралы арызданған.

Тергеу барысында жәбірленушілердің бір пәтерді бірнеше сағат бойы жалға алғаны анықталды. Бұл ретте олар онымен кездеспей-ақ жалға берушінің электронды әмиянына алдын ала төлем жасаған. Бірақ олар кілт алуға келгенде, пәтерде ұзақ уақыт бойы пәтер жалдап тұрған бейтаныс адамдар болған.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында бір тәуліктің ішінде Астананың 19 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті өзінің пайдакүнемдік мақсатында жеке хабарландырулар сайтында жалған хабарландырулар жариялаған. Ол басқа адамдардың жарнамаларынан көшірілген пәтерлердің суреттерін орналастырған және сонымен бірге қолайлы соманы көрсеткен. Сондай-ақ, алаяқ телефонмен сөйлескен кезде, сыпайы әңгімелесіп, электронды әмиянға ақша аударуды сұраған. Жәбірленушілер ақша аударған кезде, алаяқ бірден жарнамаларды алып тастап, ұялы телефондарды өшіріп тастаған. Бұрын оның риэлтор болып жұмыс істегені анықталды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың қала аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. 

Жалпы келтірілген шығын 420 мың теңгені құрады.

Онлайн қызметтер мен сауданың дамуымен интернеттегі алаяқтықтардың саны да өсуде. Шынайы хабарландыруды алаяқтықтан айыру үшін Астана қаласының Полиция департаменті ұсынылатын қызметтер мен тауарлардың дұрыстығын тексеруді, күмәнді мәмілелерден бас тартуды, сондай-ақ алдын ала төлем жасамауды және олардың дұрыстығын тексергеннен кейін қызмет ақысын төлеуді ұсынады.

Астана қ. ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив