Мүлік салығын екінші рет төлеу қажет пе?

Мүлік салығын екінші рет төлеу қажет пе?

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталығына (нөмірі 1414, қосымша нөмірі 3) күн сайын азаматтардан қоңыраулар келіп түсетінін, онда салық төлеушілердің сұрақтарына салық салу бойынша толық жауаптар берілетінін хабарлайды. Қазіргі уақытта онкүндіктің ең танымал мәселесі жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мәселесі болды. 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдарының Байланыс орталығына (1414 нөміріне, қосымша нөмірі 3) күн сайын азаматтардан қоңыраулар келіп түсетінін, онда салық төлеушілердің сұрақтарына салық салу бойынша толық жауаптар берілетінін хабарлайды.

Қазіргі уақытта онкүндіктің (декаданың) ең көп қойылған сұрақ жеке тұлғаның мүлік салығын төлеуіне қатысты болды. 

Жеке тұлғаның сұрағы:

Мен мүлік салығын төледім, бірақ маған коммуналдық төлем шоты (ЕРЦ) арқылы тағы да төлеу керектігім туралы ақпарат келіп тұр. Қайта төлеуім керек пе? 

БО жауабы:

Егер Сіз 2022 жыл үшін мүлік салығын осы жылы төлеген болсаңыз, екінші рет  төлеудің қажеті жоқ. Себебі ол жылына бір-ақ рет, ағымдағы жылдың қазан айының 1-не дейін төленеді. Егер Сіздің бірнеше жылжымайтын мүлкіңіз болса, салықты әр мүлік бойынша төлеуіңіз керек. Төлеген төлеміңіз түскендігін немесе төлеу керек салықтың сомасын өзіңіз тексере аласыз:

- Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсындағы «Электрондық қызметтер» бөлімінде, «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қосымша бетінде;

- «e-Salyg Azamat» қосымшасында (App Store немесе Google Play дүкенінен жүктеп алу) «Электрондық қызметтер» бөлімінде «ЖТ және ЖК бойынша алдағы төлемдер қызметі»;

- e-Gov порталында немесе «eGov mobile» мобильді қосымшасында «Салық салу» бөлімінде «Жеке тұлғалар үшін алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу» бөлімінде;

- банктік қосымшалар арқылы (Төлемдер/Алдағы салықтарды төлеу).

#mangystaumkd #mangystaudgd

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Millard 23 сентября 2023 02:19

    Hello I am so excited I found your webpage, I really found you by accident,
    while I was browsing on Askjeeve for something else, Anyways
    I am here now and would just like to say thank you for
    a marvelous post and a all round thrilling blog (I also
    love the theme/design), I don't have time to read it all at
    the minute but I have book-marked it and also added in your RSS feeds, so when I have time I
    will be back to read more, Please do keep up the superb work.



    my page - cena zyloprim w
    Kaliszu

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив