1 қазанында аяқталады

1 қазанында аяқталады

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылға жеке тұлғалардан мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанында аяқталатынын халықтың назарына хабарлайды.

Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып салық салу объектісі бар жеке тұлғалар табылады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы өздеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, жер учаскелері жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылады.

Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар жеке тұлғалардың мүлкіне бірыңғай салыққа біріктірілді.

Осыған байланысты, салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді.

Қазіргі уақытта салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органдары есептеген салық сомасы (мүлік салығы) туралы хабарламаларды тапсыруды «Қазпошта» АҚ филиалы жүргізеді.

Сонымен қатар, kgd.gov.kz «Алдағы төлемдер» сервисінде, «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын, сондай-ақ банктердің мобильді қосымшаларында Kaspi.kz және Homebank дайын деректемелер бойынша төлем жүргізу мүмкіндігімен есептелген мүлік салығының сомасын білуге болады.

Бұл ретте, Мемлекеттік кірістер комитетінің мобильді қосымшалары және банктердің алдағы төлемдер сервисінде есептелген мүлік салығының сомасы дербес шоттағы бар төлемді (артық төлемді) ескере отырып көрсетіледі.

Сонымен қатар, мүлік салығы бойынша алдағы төлемдердің сомасы салық берешегі болып табылмайды, осыған байланысты бұл сома МКК мобильді қосымшасының «Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» сервисінде көрсетілмейді.

Жеке тұлғалар салықтарды басқа тәсілдермен де төлей алады: пошта бөлімшелеріндегі және екінші деңгейдегі банктердегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен; банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталарының көмегімен.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив