СҚО-да учаскелік полиция инспекторлары 148 адамды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберді

СҚО-да учаскелік полиция инспекторлары 148 адамды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберді

14 тамыздан бастап солтүстікқазақстандық полицейлер «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеуде. Мақсаты – қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңсыз көші-қонның жолын кесу, шетел азаматтарының тарапынан Қазақстан аумағында болу ережелерінің бұзылуын анықтау.

Учаскелік инспекторлар, жедел уәкілдер, көші-қон қызметінің қызметкерлері, патрульдік және ювеналдық полицейлер – іс-шараға барлық қызметтер мен бөліністер жұмылдырылған. Мобильдік топтар кезең-кезеңімен әкімшілік учаскелердегі аулалар мен пәтерлерді тексереді. Шетел азаматтары ғана емес, полицияда түрлі есептерде тұрған және бұрын сотталған тұлғалар да бақылауда. Бұдан бөлек, азматтық қару иелерін тексеру, жасөспірімдер арасында және тұрмысы нашар отбасылардағы құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша рейдтік іс-шаралар да жандандырылды.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбахтың айтуынша, жыл басынан облыста учаскелік полиция инспекторлары 148 адамды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберген. Қайталап қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасамау үшін 438 адамға қатысты алкогольдік ішімдіктер ішпеуді және басқа да бірқатар шектеулерді көздейтін ерекше талаптар қойылды. Сондай-ақ полицейлердің өтініші бойынша сот органдары 29 тұлғаға қатысты шартты-мерзімінен бұрын босатуды тоқтатты; бұл тұлғалар бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған осы және басқа да жұмыстар 30 қыркүйекке дейін өтетін «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде күшейтіледі. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив