Жамбылдық полицейлер интернет желісінде қолма-қол ақша шешіп беруге уәде еткен бірнеше алаяқтық  дерегіне қатысты күдікті ер адамды ұстады

Жамбылдық полицейлер интернет желісінде қолма-қол ақша шешіп беруге уәде еткен бірнеше алаяқтық дерегіне қатысты күдікті ер адамды ұстады

Жамбыл облысы Полиция департаментінің "Киберпол" арнайы бөлінісінің және Сарысу АПБ қызметкерлері интернет-алаяқтық саласында бірнеше  қылмыстар жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адамнан құқыққа қайшы заңсыз әрекеттерді жүзеге асырған екі ұялы телефон тәркіленді. 

Интернет-алаяқтықты тұрақты табыс көзіне айналдыра отырып, "Жаңатас- Сауда" телеграмм тобы арқылы күдікті азаматтарға пайызсыз бөліп төлеуге 8% ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға уәде берген. 

Жәбірленушілер алаяққа қашықтан төленген шоттар бойынша QR коды арқылы онлайн төлем жіберген. Осыдан кейін алаяқ реквизиттерді пайдаланып, жеке кәсіпкердің әртүрлі шоттарынан ақша алған. 

Ұсталған азамат интернеттегі алаяқтықтың 5 дерегі бойынша күдікке ілінді. Жалпы келтірілген залал көлемі 4 500 000 теңгені құрайды. 

Осы деректерге қатысты ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Істің барлық егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. 

Егер сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, "102" нөмірі арқылы полицияға немесе ауданыңыздың полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив