Таразда бірнеше рет интернет алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

Таразда бірнеше рет интернет алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бірнеше интернет алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен Шымкент қаласының 20 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған адамның заңсыз әрекеттерін ұялы телефоны арқылы жүзеге асырып отырған. 

Күдікті интернет алаяқтықты табыс көзіне айналдыра отырып, инстаграмда "Kazakhstan Aidos" аккаунты арқылы азаматтарға елдегі банктердің бірінде  несиелерді төмен пайызбен  қайта қаржыландыруға уәде берген. Ер адам сенген клиенттерге өзін басқа біреудің атымен таныстырған және растау үшін сол адамның жеке куәлігін жіберген. Жеке куәліктің иесі өзінің деректерін алаяқтың пайдаланғанын кейіннен білді. 

Жәбірленушілер өздерінің барлық жеке деректері мен банк картасы туралы мәліметтерін қайта қаржыландыру үшін алаяққа жіберіп отырған. Күдікті  алынған ақпаратты пайдаланып, карталарсыз қолма-қол ақшаны алған. 

Қазіргі уақытта ұсталған адамның интернеттегі алаяқтықтың тағы да 5 дерегіне қатыстылығы тексерілуде. Жалпы келтірілген шығынның көлемі 

5 000 000 теңгені құрайды. 

Осы деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Істің барлық егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралар жүргізілуде. 

Егер, сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, "102" нөмірі арқылы полицияға немесе сіздің ауданыңыздың кезекші бөліміне хабарласуыңызды ескертеміз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

  1. аватар
    Rvtnoh 25 августа 2023 19:34

    purchase dipyridamole without prescription <a href="https://dipyxcin.shop/">buy generic dipyridamole over the counter</a> order pravastatin 20mg

  2. аватар
    Mikki 27 января 2024 20:33

    Have you ever considered about including ordina prostadirex online
    a Torino
    little bit more than just your articles?
    I mean, what you say is fundamental and everything.
    However imagine if you added some great photos or videos to give
    your posts more, "pop"! Your content is excellent but with pics and clips, this
    website could certainly be one of the best in its niche.
    Great blog!

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив