Шу ауданында үлкен көлемде оқ - дәрілер мен қару- жарақ жасырылған орын табылды

Шу ауданында үлкен көлемде оқ - дәрілер мен қару- жарақ жасырылған орын табылды

Жамбыл облысының Шу қаласындағы қараусыз қалған ғимараттың бірінің жертөлесінен үлкен көлемде оқ-дәрілер мен қарулар жасырылған орын табылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді.

Нәтижесінде 9 бірлік қару мен оқ-дәрілер, атап айтқанда 4 бірлік 16 калибрлі "ИЖ-ЗК" маркалы бір оқпанды аңшы мылтығы, 16 калибрлі "ИЖ-17" маркалы бір оқпанды шолақ мылтық, 9 мм калибрлі "Байкал 79-9ТМ" травматикалық тапаншаның 2 бірлігі, тапанша, 5,45 мм калибрлі патрондардың 270 бірлігі, сондай-ақ қаңтар оқиғалары кезінде Полиция департаментінің қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі"ПМ" тапаншасы табылып тәркіленді.

ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев  қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалғанын атап өтті. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру).бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив