Қазақстанда 1,1 млн гектар жерде италиялық прусқа қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды

Қазақстанда 1,1 млн гектар жерде италиялық прусқа қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды

Қазақстан аумағында 1,5 млн гектар жерге шегіртке таралуы мүмкін, мамандардың болжамына сәйкес, биылғы жылы оның 1,3 млн гектарына италиялық прус таралуы ықтимал. Республикалық бюджеттен табын зиянкестерімен күресуге пестицидтерді сатып алу, оларды сақтау, тасымалдау және қолдану жөніндегі қызметтерді сатып алуға арналған 3,8 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен түрлі топтарда Қазақстанның белгілі бір облысының аумағында шегірткенің таралғаны туралы фото және бейне материалдар пайда болады. Алайда бұл ақпараттар көбінесе жалған болып табылады, өйткені жарияланған бейнежазбаларда басқа елдерде түсірілген кадрлар жиі қолданылады.

Жалпы, республика бойынша италиялық прусқа қарсы өңдеу 1,1 млн га жерде немесе белгіленген аумақтың 85% аяқталды. Өңдеу жұмыстары Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында толығымен аяқталды.

Бір күн бұрын Абай облысында зиянкестердің азғантай таралуы тіркелді, ол қорғаныс шараларын уақтылы жүргізудің арқасында толығымен тоқтатылды. Атап айтқанда, Шаған ауылында 120 гектар жайылым өңделді, ауыл шаруашылығы дақылдары алқаптары зардап шеккен жоқ. 

Бұл ретте шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу олардың зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары таралатын жерлерде, яғни өсімдік өнімінің жоғалуына әкелуі мүмкін болған жағдайда жүргізілетінін атап өткен жөн.

Жалпы, барлық өңірлерде жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін әкім орынбасарларының басшылығымен жедел штабтар құрылды, мониторинг және қорғау іс-шаралары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жоспарлары бекітілді.

Республика бойынша химиялық өңдеулерді жүргізу кезінде 212 бірлік арнайы техника, оның ішінде 130 жерүсті желдеткіш бүріккіш, 35 аэрозольді газ генераторы, 26 аса жеңіл авиация кемесі және 21 ұшақ жұмылдырылды.

Сонымен қатар, шекара маңындағы шегірткелердің жағдайы үнемі қадағаланып отырады. Өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес, Ресей Федерациясының, Қытай Халық Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрліктерімен фитосанитарлық жағдай туралы ақпарат алмасылып отырады.

Осылайша, АШМ тарапынан биылғы жылы табын шегіртке зиянкестеріне қарсы жұмыстарды уақтылы және сапалы жүргізу бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив