Қазақстанда шегіртке таралуының жаңа ошақтары анықталды - ҚР АШМ

Қазақстанда шегіртке таралуының жаңа ошақтары анықталды - ҚР АШМ

 

Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстарында шегірткенің шығу ошақтары анықталды, деді ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс.

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Қазақстандағы шегірткелердің таралуына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында ақпарат берді.

Бүгінгі таңда навигаторлар, GPS трекерлері мен планшеттерін қолданатын арнайы қызметтер 3 млн гектарға жуық жерді зерттеп, Жамбыл және Түркістан облыстарында 150 мың гектар жердегі марокко шегірткелерін тапты. Қазіргі уақытта бұл аймақтарда химиялық өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Италиялық прус шегірткелері Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарының 93 мың гектар жерін жайлаған. Қазір аталған алқаптарды қорғау шаралары басталды.

Спикер Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау орталығының мәліметіне сүйене отырып, осы жылы елімізде 800 мың гектар жерге шегірткелердің таралу қаупі бар екенін атап өтті.

 Шегірткемен күресуге 1,5 млрд-тан астам қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа химиялық өңдеу мен пестицидтер сатып алынды.

Жұмыс нәтижелі болу үшін түрлі препараттар алынды. Емдеуге 148 арнайы бүріккіш құрал-жабдықтар, оның ішінде 20 ұшақ және ультрадыбыстық ұшақтар тартылды. Өңірлерде облыс әкімдіктерімен бірлесіп жедел штабтар құрылды, бақылау және химиялық өңдеу бойынша жұмыс жоспарлары бекітілді.

«Жалпы алғанда, шегіртке ошақтарын анықтау үшін 38 млн. гектардан астам жерге зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта көрші елдер сарапшыларының қатысуымен бірлескен жұмыстар атқарамыз. Қазақстан, Ресей, Қытай және Өзбекстанның ауыл шаруашылығы министрліктері арасында келісім бар», - деді Аламабек Марс.

 Африка континентінің  қазіргі уақытта шегірткелерден зардап шегіп отырғандығын атап өтті. Сондай-ақ, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан және басқа да Азия елдерінде зиянкес жәндіктердің саны көбейген.

Ғалымдар мен БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымдарының өкілдері жағдайдың қауіпті екенін ескертеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив